Үгіт материалдары үшін баспа алаңын беру шарттары, төлем мөлшері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Мақтаарал» аудандық қоғамдық саяси газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.

Жариялау үшін келісім шарттары 2025 жылдың 5 наурыздан бастап жасалады.

2025 жылдың 28 наурызы үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.

Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады. Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Мақтаарал» аудандық қоғамдық саяси газетінде «Сайлау-2025» айдарымен жарияланады.

Қазақстан Республикасының әкімдер кандидаттарына баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін ақы төлеу мөлшері 156 (жүз елу алты) теңгені құрайды.

Дата публикации
02 марта 2025