Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағыкәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы туралы

АНЫҚТАМА

 

           «Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия тарапынан кенттер мен ауылдық округі әкімдерімен, дербес бөлім басшыларымен бөлімге бағынысты мекеме басшыларының және аудан аумағында мүдделі мемлекеттік органдар басшаларына кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикасы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында берілген тапсырмаларына 2024 жылдың 12 айында (2024 ж 12 айы) атқарылған жұмыстарына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады.

         «Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Комиссия» (бұдан әрі-Комиссия) /Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 489 санды қаулысымен және Мақтаарал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 тамыздағы № 19-127-VIII санды шешімімен бекітілген/ өз кезегінде тұрақты түрде жоспарда бекітілген мәселелер бойынша айына кемінде екі реттен кезекті отырысын өткізіп отырады. Осы күнге дейін 2024 жылдың 11 айында Комиссиямен 24 отырысы өткізілген оның ішінде 1 көшпелі отырысы өткізілген. Комиссия мәжілістерінде бекітілген жылдық жоспарға сәйкес және келіп түскен (37 материалдар келіп түскен) материалдар бойынша 71 мәселе қаралған.

          2024 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының өткізілген мәжілістерінде аудандағы білім беру және де басқа да мекемелерге 156 тармақтан тұратын хаттамалық тапсырмалар орындауға берілген, орындалуы бойынша бақылауға алынған, орындалмаған тапсырма жоқ.

        2024 жылдың 12 айында кәмелет жасына толмағандармен орын алған  қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша 2 дерек тіркелген. Оның ішінде 1 фактісі 2023 жыл мезгілінен 2024 жылына өткен.

         Жасөспірімдер арасында жасалған құқық бұзушылық фактілері бойынша аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мәжілісінде қаралып, талқыға салынып, тиісті жауапты білім саласындағы қызметкерлері мен мүдделі мемлекеттік органдарына алдағы уақытта құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмау, алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырмалар орындауға берілген, тапсырмалар тұрақты орындалуда.

        2024 жылдың 12 айында кәмелет жасына толмағандарға қарсы жасалған  қылмыстық құқық бұзушылықтар Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде төмендегідей 8 дерек тіркелген, оның ішінде 1 фактісі 2023 жыл мезгілінен 2024 жылына өткен.

          Мақтаарал ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында ұқсас жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында күн тәртібінде қаралып орын алған әрбір құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар атқарылуда.

Өзіне-өзі қол жұмсау (суицид): Жасөспірімдер арасындағы 2023 жылдың 12 айында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) 4 фактісі тіркелген оның 2-аяқталған, 2-аяқталмаған фактісі тіркелген, ал 2024 жылының 12 айында 3 факт тіркелген оның 2-аяқталған, 1-аяқталмаған фактісі.

           Ауданда жасөспімдер арасында өзін-өзіне қол жұмсаудын алдын алу бойынша тиісті психологиялық зерделеу жұмыстарына 95 педагог-психологы тиісті жұмыстарып атқарып келеді.

         Ерте жүктілік:  2023 жылдың 12 айында аудандық ауруханаларында («Мырзакент», «Атакент») кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің жалпы саны 18 фактісі тіркелген, 2024 жылдың 12 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында 32 фактісі тіркелген, ерте жүктіліктің орын алуы себептеріне талдау жұмыстары жүргізілген. Ерте жүктілік 16 мен 18 жас аралығында ерте тұрмыс құру салдарынан орын алған.

         Зорлық зомбылық: 2024 жылдың 12 айында аудан көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардан зорлық-зомбылық бойынша 3-факт Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

        Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2024 жылғы 27 желтоқсанында №24 отырысында қаралып ұқсас қылмыстардың алдын алу болдырмау бағытында шаралар қабылданған.

Анықтама
Дата публикации
24 февраля 2025