Шығып қалған мәслихат депутатының орнына
кандидаттар үшін баспа алаңы мен эфир уақытын беру бойынша
БАҚ және онлайн-платформалар қолданушыларына
Шығып қалған мәслихат депутатының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясына, бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) төлем мөлшері, эфир уақыты мен баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты жариялауға және ұсынуға міндетті.
Бұл ретте, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, сайлауға қатысатын саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын жариялауы немесе эфирге беруі сайлау науқаны басталғанға дейін бес күн бұрын кешіктірмей хабарламаса және жарияламаса, сол сияқты сайлау комиссиясына төлемнің мөлшері, эфир уақыты мен баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты бермесе, - лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға – елу АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттарға төлем мөлшері, эфир уақыты мен баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты Tik_tur_mak@saylau.kz және maktaaralrik@mail.ru электрондық пошталарына жіберуіңізді сұраймыз.
Мақтаарал аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы