Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Мақтарал ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарды 2025 жылғы 3 қаңтардағы отырысында қарап:
1987 жылы туылған, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының әкімшілік, жалпы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас инспекторы, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінің тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты қазақ, Жұматаев Арман Бексейтұлын;
1981 жылы туылған, «Болат» шаруа қожалығының басшысы, Мақтаарал ауданы, Береке ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Қызмет Орал Қаржауұлын;
1987 жылы туылған, «Жандос» Жеке кәсіпкер басшысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Омаров Жандос Маратжанұлын Мақтарал ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркеді.