18 желтоқсан 2024 жыл №61
Мақтаарал ауданы Мақтарал ауылдық округі әкімінің
кезекті сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 26 қаңтарға Мақтарал ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 19 желтоқсаннан басталсын.
3.2025 жылғы 26 қаңтарғы тағайындалған Мақтарал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Осы қаулы Мақтаарал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.
Мақтаарал аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов
Мақтаарал аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г.Қалдарбекова