18 желтоқсан 2024 жыл №60
Мақтаарал ауданының Мақтарал ауылдық округі әкімін
сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы және 22-бабы негізінде Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Мақтаарал ауданының Мақтарал ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Мақтарал сайлау округі Мақтарал ауылдық округі шекарасында құрылсын.
2.Мақтарал сайлау округі, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері (Мырзакент кенті, М.Қуандықов көшесі, №80Б) аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.
Мақтаарал аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов
Мақтаарал аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г.Қалдарбекова