А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 01 желтоқсанда Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Мақтаарал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3937 азамат енгізілді, олардың 2638-і дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Битеміров М.Е. – 1724; Дүйсебай І.М. – 816; «Барлығына қарсы» – 68.

1964 жылы туылған, Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі Молдабек Еркеқұлұлы Битеміров А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Мақтаарал ауданы Үлгілі елді мекенінің тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 декабря 2024