Мақтаарал ауданы әкімдігінің 15.11.2024 жылғы № 707 қаулысы
2025 жылға Мақтаарал ауданының
елді мекеніндерінде салық салу
объектісінің орналасуын ескеретін
аймаққа бөлу коэффициентін бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылға Мақтаарал ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Мақтаарал ауданы әкімдігінің «2021 жылға Мақтаарал ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2020 жылғы 13 қазандағы № 432 (Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қазанда № 5841 болып тіркелген, 2020 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- 3. «Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Түркістан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;
3) осы қаулының Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Төребековке жүктелсін.
- Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Асанов