Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының А.Қалыбеков ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының А.Қалыбеков ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарды 2024 жылғы 8 қарашадағы отырысында қарап:

1964 жылы туылған, А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі, Мақтаарал ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты қазақ, Битеміров Молдабек Еркеқұлұлын;

1993 жылы туылған, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман- есепшісі, Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Дүйсебай Іңкәр Мұхтарұлын;

1969 жылы туылған, Мақтаарал аудандық ветеринарлық қызмет, Үлгілі ауылының пункт меңгерушісі, Мақтаарал ауданы, Абат ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ, Сахов Талгат Сатыбалдиевичтерді А.Қалыбеков ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркеді.

 

Дата публикации
08 ноября 2024