«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Мақтаарал» аудандық қоғамдық саяси газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.
Жариялау үшін келісім шарттары 2024 жылдың 11 қарашадан бастап жасалады.
2024 жылдың 29 қараша үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.
Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады. Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Мақтаарал» аудандық қоғамдық саяси газетінде «Сайлау-2024» айдарымен жарияланады.
Қазақстан Республикасының әкімдер кандидаттарына баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін ақы төлеу мөлшері 150 (жүз елу) теңгені құрайды.