Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
23 қазан 2024 жыл №45
Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің
кезекті сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2024 жылғы 1 желтоқсанға А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 24 қазаннан басталсын.
3.2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Осы қаулы Мақтаарал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.
Мақтаарал аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов
Мақтаарал аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г.Қалдарбекова