Мақтаарал ауданының А.Қалыбеков ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

23 қазан 2024 жыл                                                                                                                              №44

 

Мақтаарал ауданының А.Қалыбеков ауылдық округі әкімін

сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы және 22-бабы негізінде Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Мақтаарал ауданының А.Қалыбеков ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде А.Қалыбеков сайлау округі А.Қалыбеков ауылдық округі шекарасында құрылсын.

2.А.Қалыбеков сайлау округі, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері (Мырзакент кенті, М.Қуандықов көшесі, №80Б) аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.

 

 

Мақтаарал аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                       Д.Ерімбетов

 

Мақтаарал аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                       Г.Қалдарбекова

Дата публикации
23 октября 2024