Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

  

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Түркістан облысы Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы №7, 11 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың осы шешімнің қосымшасына сәйкес Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы шешім Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық «Мақтаарал» газетінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                                 Д. Ерімбетов

 

Хатшы                                                                Г. Қалдарбекова

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылғы 31 қаңтар

№4

Дата публикации
31 января 2024