Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағы және «Автомобиль жолдары
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3
бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Мақтаарал
ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы
қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.«Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік
он күн ішінде оның көшірмесін қағаз жіне электронды түрде қазақ және орыс
тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама
және құқықтық және ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн
ішінде оның көшірмесін Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын
мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мақтаарал ауданы
әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы Б. Туребеков

Дата публикации
11 июня 2020