Бірлескен қаулы және шешім жобасы

Мақтааралауданы бойынша

елді мекендердің шекараларын

өзгерту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1,5-тармақтарына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес,Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөліміменМақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес шекаралары өзгертілсін:

1) 8.94 гектар жер учаскесі Мақтарал ауылдық округі Қаз ССР-ң 40 жылдығыауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 62.24 гектар;

2) 15,51 гектар жер учаскесі Мақтарал ауылдық округі Еңбекші ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 17,51 гектар;

3) 11,88 гектар жер учаскесі Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 118,1481 гектар;

4)17,05 гектар жер учаскесі Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 269,28 гектар;

  1. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы:              

Дата публикации
28 ноября 2022