Бүгінгі күнге, яғни 2021 жылғы 2 шілдеге Мақтаарал ауданы бойынша сайланатын үш ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ретінде жалпы 7 азамат өзін өзі аудандық сайлау комиссиясына құжаттарын ұсынды. Олардың ішінде:Достық ауылдық округі әкімдігіне екі, Еңбекші ауылдық округі әкімдігіне екі, Жамбыл ауылдық округі әкімдігіне 3 үміткер (1 үміткердің құжаты мемлекеттік қызмет істері жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды, тиісінше ол үміткерлер қатарынан алынып тасталды), үміткерлердің құжаттары қаралу үстінде.