2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» № 60/98 қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жерін және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

Комиссия төрағасы – Ерімбетов Дәулет Әлиакбарұлы;

Төрағаның орынбасары – Сатыбалдиев Шыңғыс Еликұлы;

Хатшысы – Қалдарбекова Гүльжан Беркимбайқызы.

Комиссия мүшелері: Сағындықов Марат Алейдарұлы, Ниязбеков Асылбек Арыстанбекұлы, Ақбаева Гүлмира Ілесқызы, Шыңғысханов Абылайхан Төлегенұлы.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы: Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, М.Қуандықов көшесі №80Б. Тел:8 (72541) 2-10-71, e-mail: tic_tur_mak@saylau.kz, пошталық индексі 160547.

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 9.00-18.30 Үзіліс: 13.00-14.30.

Дата публикации
14 октября 2026