Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №10
ҚАУЛЫСЫ
Мақтаарал аудандық мәслихаты
депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысын басшылыққа алып, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2.Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
3.Осы қаулы Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Д.Ерімбетов
Хатшы Г.Қалдарбекова