Атакент кенті әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 20 қыркүйекте Мақтаарал ауданы Атакент кенті әкімінің сайлауы өтті.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Мақтаарал ауданы Атакент кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Атакент кенті әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 10 577 азамат енгізілді, олардың 5670 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Мырзалиев Ұ.Қ. – 584; Сералиев Б.І. – 554; Турымбетов Е.Ә. – 4491; «Барлығына қарсы» – 33.

1982 жылы туылған, «Мақтаарал ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттандыру, қызмет көрсету мониторингі және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінің тұрғыны, «ӘДІЛЕТ» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған Тұрымбетов Ерлан Әбдібақыұлы Мақтаарал ауданы, Атакент кентінің әкімі болып сайланды.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 сентября 2026