GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Онлайн қабылдау
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
25 сентября 2026
ШОРНАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ 500 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 70% ОРЫНДАЛДЫ.

Түркістан облысы Сауран ауданының Шорнақ ауылында 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 70%-ы орындалды, жұмыс кестесінен кешігу жоқ. Құрылысты 2026 жылғы қарашада аяқтау жоспарланып отыр.
Қазір нысанда ішкі әрлеу, ғимараттың қасбетін қаптау және сыртқы инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа 40 жұмысшы мен үш бірлік техника жұмылдырылған.
Жоба бойынша жалпы ауданы 2354 шаршы метр болатын екі қабатты ғимарат 1,27 гектар жер учаскесінде салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін мұнда мәдени іс-шаралар өткізуге, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуіне және балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Құрылыс 2025 жылы басталды. Тапсырыс беруші - Сауран ауданының құрылыс бөлімі, мердігер - «Дос и К Сервис» ЖШС.

Анықтама үшін: конкурс қорытындысы бойынша жасалған шарттың құны - 1 775,5 млн теңге. Жобада көзделген құрылыс мерзімі - 17 ай. Техникалық қадағалауды «Universal Construction Expert» ЖШС, авторлық қадағалауды «Казинспроект» ЖШС жүзеге асырады.

20 августа 2026
«ЖАРНАМА - ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Жарнама -тіл тазалығының көрінісі» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жарнама мәтіндерінің сауатты әрі талапқа сай жазылуын насихаттау, сондай-ақ қоғамдық ортадағы тіл мәдениетін қалыптастыру.

Іріктеу барысында өңірдегі жарнамалардың тілдік сауаттылығы мен мемлекеттік тіл нормаларына сәйкестігіне назар аударылып, үздік жұмыстар сараланды.

Байқау – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, «Сауатты жарнама - мәдениетті қоғамның көрінісі» қағидатын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

 Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі 

11 августа 2026
АБАЙ РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ТҮРКІСТАНДА АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ
10 тамыз - қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Түркістан қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
 
Тағылымды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты - Абай Құнанбайұлының мол шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлы ойшылдың тағылымды ойларын өскелең ұрпаққа жеткізу және ұлттық руханияттағы орнын дәріптеу.
 
Іс-шара барысында ұлы ақынның рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты жиында Абайдың өлеңдерінен әдеби композиция ұсынылып, Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары өнер көрсетті. Сондай-ақ Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалды .
 
Бұдан бөлек, шара аясында «Абай әлемі: Ойдан -өнегеге» тақырыптық кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер мен көркем туындылар көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров пен зиялы қауым өкілдері Абай рухына тағзым ете келген жастарға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының көптомдығын сыйға тартты.
 
Абай мұрасы - ұлттың рухани темірқазығы. Ақынның шығармалары мен қара сөздерінде білім, еңбек, адамгершілік, елдік пен бірлік сынды құндылықтар кеңінен дәріптеледі.
 
Айта кетейік, Абай күнін атап өтуге арналған іс-шаралар ұлы ойшылдың мұрасын ұлықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың рухани-танымдық көкжиегін кеңейту бағытында жалғасын табуда.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
20 июля 2026
ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ЖҰРТШЫЛЫҚҚА ЕРЕКШЕ ШАБЫТ ПЕН КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән падишасы, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті.
 
Фестивальдің негізгі мақсаты – композитордың бай музыкалық мұрасын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік көркемдік құндылығын кеңінен таныту.
 
Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қайраткерлері, өңір тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.
 
Фестиваль аясында Қазақстанның танымал эстрада өнерпаздары мен жас орындаушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, «Melomen», «Сарын» және «Turan Boys» топтары, сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.
 
Іс-шара барысында қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың таңдаулы шығармалары орындалып, көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Фестиваль композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен дәріптеуге, ұлттық мәдениетті насихаттауға және отандық эстрада өнерінің сабақтастығын дамытуға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
 
«Шәмші әндері» өнер фестивалі түркістандықтар мен қала қонақтарына, өнер сүйер қауымға ерекше шабыт, рухани байлық және көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көпшілік Шәмші атның әндерін әншілермен бірге шырқап, композиторға құрмет көрсетті.
Түркістан облысында мәдениет пен туризмді дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Облыс құрылған 2018 жылдан бері мәдениет үйлері 35 мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. Түркістанда республикалық, халықаралық деңгейдегі өнер кештері мен байқаулары тұрақты өтіп келеді.
 
Өңірге 8 жылда 2,5 млн турист келіп 2018 жылмен салыстырғанда (2018 ж. – 186,2 мың турист, 2025 жыл 500 мың турист) салыстырғанда 2,5 есе артқан. Тарихи аумақтарға 10 миллионнан астам біркүндік келуші келген.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
17 июля 2026
«ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ: «БЕС ЖЫЛ – БЕС БЕЛЕС» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Түркістан облысы Мәдениет басқармасына қарасты «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бес жыл – бес белес» атты мерейтойлық салтанатты жиын өтті.
 
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Алтаев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, республика және өңір кітапханаларының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ардагер кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
 
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Алтаев кітапхана ұжымын мерейтоймен құттықтап, өңірдің рухани-мәдени өміріндегі кітапхананың маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар кітапхана саласының үздіктеріне марапаттар табысталып, «Оқитын өлке», «Жыл кітапханашы» және «Алтын формуляр» номинацияларының жеңімпаздары анықталды.
 
Мерейтой аясында кітапхананың бес жылдық даму жолы мен жетістіктерін таныстыратын арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Бес жыл – бес белес» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде кітапхана тарихы, сирек қордағы құнды басылымдар, жаңа жобалар мен соңғы жылдары жарық көрген еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.
 
Сондай-ақ кітапхана ісінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен сала қызметкерлері марапатталып, халықаралық әріптестер қатысуымен мәдени ынтымақтастықты нығайту бағытындағы бастамалар талқыланды.
 
Айта кетейік, 2021 жылы пайдалануға берілген «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бүгінде өңірдің ірі мәдени-ағартушылық және ғылыми-ақпараттық орталықтарының біріне айналып, кітап оқу мәдениетін дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және халықаралық мәдени байланыстарды нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
17 июля 2026
«ТҮНГІ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АЙ СӘУЛЕСІНДЕГІ ӨЛЕҢ…» ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының 5 жылдығы аясында «Түнгі кітапхана» жобасы Созақ ауданындағы табиғаты көркем «Жұмбақ тау» аумағында белгілі қазақ ақыны Қуаныш Оспанның «Ай сәулесіндегі өлең…» атты поэзиялық кеші өтті.
 
Рухани-мәдени іс-шара Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы «Тұран - достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі аясында ұйымдастырылып, қос елдің ақын-жазушылары мен әдебиет сүйер қауымының басын қосты.
 
Кештің басты қонағы Қуаныш Оспан оқырмандармен шығармашылық жүздесу өткізіп, туған жер, ұлттық рух, адамгершілік пен өмір құндылықтарын арқау еткен өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстаннан келген ақындар өз туындыларын оқып, әдебиет пен поэзияның бүгінгі тынысы туралы еркін пікір алмасты.
 
Іс-шара барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы сөз сөйлеп, әдеби кештің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының м.а Бақытжан Шынарбайұлының атынан ақынға Алғыс хаты табыстап , құрмет көрсетілді.
 
Әдеби кеш барысында жыр оқу, әдеби сұхбат және музыкалық бағдарламалар ұсынылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Табиғат аясында өткен поэзиялық басқосу әдебиет пен өнердің үндестігін айшықтап, бауырлас халықтардың мәдени байланысын нығайтуға және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
 
Айта кетейік, «Түнгі кітапхана» жобасы алдағы уақытта да оқырман мен кітап арасындағы рухани байланысты нығайтатын тағылымды кездесулермен жалғасын табады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
07 июля 2026
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІЛЕР ТЫНДАРМАН РУХЫН ОЯТТЫ
Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауының финалдық кезеңі өтті. Қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлықталған тағылымды кешке еліміздің әр өңірінен белгілі күйшілер, өнер майталмандары жиналды. Ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан мәдени іс-шараға Түркістан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жұртшылықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
 
Түркістан төрінде қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлықталып, күй өнерінің құдіреті кеңінен насихатталды. Сахнада Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрі, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, күйші-композитор Ғаламат Бейсеқожа және күйші Шыңғыс Исаев өнер көрсетіп, көрерменнің рухын көтерді. Сонымен бірге Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
 
Кештің шарықтау шегі – республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауының финалдық кезеңі болды. Еліміздің әр өңірінен келген дарынды күйшілер қазақтың күйшілік дәстүрін жоғары деңгейде дәріптеп, өзара бақ сынады.
 
• Бас жүлде – Іңкәр Күзембай (Алматы қаласы);
 
• І орын – Нұрәли Саятұлы (Алматы қаласы);
 
• ІІ орын – Бекнұр Әбдіжәлил (Астана қаласы), Жантілек Жұмагелдиев (Атырау облысы);
 
• ІІІ орын – Асылбек Джорабеков (Атырау облысы), Оңғар Дәулет (Шымкент қаласы), Тұрсын Арсен (Алматы қаласы),
Дінмұхаммед Сұлтан (Түркістан облысы).
 
Сонымен қатар, Төлеген Момбеков және Сүгір Әліұлы атындағы арнайы жүлделердің иегерлері мен дипломанттар анықталып, барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
 
Ұлттық домбыра күні аясында өткен республикалық байқау күй өнерінің мерейін үстем етіп қана қоймай, Түркістанның қазақтың төл мұрасы мен руханиятын тоғыстырған маңызды орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
24 июня 2026
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызмет саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекемен құттықтады.
 
Мерекелік жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Облыс әкімі бірқатар азаматқа мемлекеттік және ведомстволық наградаларды, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыстады. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов те өз саласында үздік нәтижеге қол жеткізген қызметкерлерді марапаттады.
 
Іс-шара барысында Түркістан облысының өнерпаздары өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 
Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда 520 мекемеде 6 327 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. Оның 3 618-і жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері. Өткен жылы меритократия қағидасымен 262 мемлекеттік қызметші жоғарылады. Бұл – білім мен тәжірибенің, еңбек пен ізденістің нәтижесі. Мемлекет басшысының саяси реформаларының арқасында басқару жүйесіне жаңа көшбасшылар келді. 2021 жылдан бері өңірімізде 272 ауыл әкімі тікелей халықтың таңдауымен сайланды. Өңірлік кадрлық резервке 32 дарынды жас қабылданып, бүгінде оның 19-ы жауапты жұмысқа орналасты.
24 июня 2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өкімімен Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы лауазымына Бақытжан Садықов тағайындалды.
Жаңа басшыны мәдениет саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев таныстырды. Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі мәдениет нысандарының жай-күйіне кешенді талдау жүргізу және саланың өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешу қажеттігін атап өтті.
 
Сонымен қатар жас таланттарды қолдауға бағытталған өнер байқауларын, туристердің қызығушылығын арттыратын ауқымды фестивальдер мен мәдени жобаларды тұрақты және сапалы түрде ұйымдастыру тапсырылды.
 
Бақытжан Шынарбайұлы 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2016 жылы Шымкент университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
Еңбек жолын 2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Астана қаласы бойынша аумақтық басқармасы бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
 
2007-2009 жылдар аралығында, Квазимемлекеттік секторларда, Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде, Ауылдық округі әкімінің аппараттарында, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және ақпарат, Мәдениет және спорт министрліктерінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде түрлі басшы лауазымдарда қызмет атқарған.
 
Сонымен қатар 2026 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарып келді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
05 июня 2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстады.

– Ежелден өркениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті Түркістан өңірінің дамуында сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Президент Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бүгінде Түркістанның халықаралық аренадағы беделі артып, маңызды іс-шаралар мен кездесулердің орталығына айналуда. Соның бірі – Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті. Осы ауқымды шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестеріңіз үшін Мемлекет басшысы арнайы алғысын білдіріп отыр, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Айта кетейік, жуырда рухани шаһарда өткен халықаралық маңызы зор басқосу түркі әлемі үшін маңызды оқиғалардың бірі болды. Саммиттің мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне мәдениет саласы мамандарының қосқан үлесі ерекше. Осыған орай, өңірдің мәдени-рухани әлеуетін арттыру бағытындағы еселі еңбегімен көзге түскен және маңызды шараның табысты өтуіне атсалысқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Бұл марапат мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға болып саналады.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы