ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ
(ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН) МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
2025 ЖЫЛЫ ОБЛЫСТА ЖҮРГІЗІЛГЕН
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ
Түркістан-2025
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІ
Түркістан облысындағы тұрғындардың тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгеру деңгейін анықтауға байланысты 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытынды есебі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 16 қазандағы №914 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес өңірдегі мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі әлеуметтік зерттеу арқылы анықталады. Осы ретте, облыстағы іріктелген топтар арасында тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған зерттеу жүргізілді.
Ел аумағындағы азаматтарға тілдерді оқытып-үйрету, тілдік қажеттілікті қоғам мүшелері арасына енгізу мемлекеттік тіл саясатындағы маңызды және елеулі бағыттардың бірі болып табылады.
Түркістан облысында тілдерді дамытуды үйлестіріп, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бағытында жүйелі түрде жұмыс жасалып келеді.
Облыс тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруіне қолайлы мүмкіндіктер жасап, ынталандыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Облыста 17 тілдерді оқыту орталығы жұмыс жасайды. Жергілікті тұрғындардың сұранысына қарай қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тегін оқыту жұмысын жүргізеді.
Тақырыптың маңыздылығы
Бұқаралық ақпарат құралдарына контент-анализ жасағанда елімізде үштілділікті енгізу процесінің қарқынды жүріп келе жатқанын байқауымызғы болады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы көлеміне қарамастан тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік базасы мен материалдық-техникалық құралдары одан әрі жетілдіруді қажет етіп келеді. Сонымен қатар, бұл проблеманың өзектілігі тиісті жерлердегі білікті оқытушылар мен қолжетімді әдістемелік құралдардың тапшылығына да тікелей байланысты болып отыр.
Түркістан облысы өңіріндегі тұрғындардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау үшін қоғамдық пікірді социологиялық зерттеу жүргізу арқылы талдап, саралау қажет деп санаймыз.
Облыста тілдердің қолданылу жағдайына талдау жасау мақсатында түрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келеді. Бұл зерттеудің негізгі өзегі облысымыздағы тұрғындардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін айқындау болды.
Зерттеудің объектісі ретінде түрлі әлеуметтік топтарға жататын 1000 (бір мың) респондент таңдалынып, әлеуметтік зерттеудің сандық тәсілі арқылы олардың арасында сауалнама жүргізілді. Респонденттердің 75 пайызы қазақ, 25 пайызы этнос өкілдері қамтылды.
Зерттеудің мақсаты
Облыстағы тұрғындардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі туралы сандық мәлімет жинап, оларды саралау. Сондай-ақ, сандық көрсеткішті пайыздық тұрғыда талдап, дерекқор құру.
Зерттеудің міндеттері
Түркістан облысындағы тұрғындардың
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында
жүргізілген социологиялық зерттеудің
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы С Ы
1-диаграмма
Тілдерді қай кезден бастап оқып-үйренген тиімді?
«Тілдерді қай кезден бастап оқып-үйренген тиімді?» деген сауалға пікірін білдірген респонденттердің 5,3 пайызы балабақшада, 17,1 пайызы бастауыш сыныпта деп жауап берсе, 64,5 пайызы 5-11 сынып аралығында, 6,9 пайызы арнайы курстарда, 5,8 пайызы жоғары оқу орындарында деді.
Тілдерді мына кезде оқып-үйренген тиімді:
2-диаграмма
Қазақ тілін қай деңгейде меңгергенсіз?
«Қазақ тілін қай деңгейде меңгергенсіз?» деген сауалға респонденттердің 92 пайызы еркін сөйлеп, жаза аламын деп жауап берсе, 4 пайызы еркін сөйлеймін, оқимын, дегенмен сауатты жаза алмаймын деді. 1,9 пайызы мемлекеттік тілді түсінемін және қиындықпен жауап беремін деген нұсқаға тоқталса, 1 пайызы түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын деді. Пікірін білдіргендердің 0,5 пайызы қазақ тілінің кейбір сөздерін ғана түсінемін десе, 0,6 пайызы мүлдем білмейтіндігін айтты. Облыста мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, қарым қатынас жасайтын, қазақ тілін меңгергендер 96 пайызды құрайды. Респондеттенің 4 пайызы толық тілді меңгермеген және қарым-қатынаста қиындық туғызатынын жеткізген.
Қазақ тілін(де) сауалнамаға қатысқандардың:
3-диаграмма
Орыс тілін қай деңгейде меңгергенсіз?
«Орыс тілін қай деңгейде меңгергенсіз?» деген сауалға респонденттердің 63 пайызы еркін сөйлеп, жаза аламын деп жауап берсе, 10 пайызы сөйлеймін, оқимын, дегенмен сауатты жаза алмаймын деді. 10,2 пайызы орысша түсінемін, дегенмен қинала жауап беремін десе, 15 пайызы түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын деді. Пікірін білдіргендердің 1,8 пайызы еліміздегі ресми тіліндегі кейбір сөздерді ғана түсінемін деп жауап берді.
Орыс тілін(де) сауалнамаға қатысқандардың:
4-диаграмма
Ағылшын тілін қай деңгейде меңгергенсіз?
«Ағылшын тілін қай деңгейде меңгергенсіз?» деген сауалға респонденттердің 14 пайызы еркін сөйлеп, жаза аламын деп жауап берсе, 4 пайызы сөйлеймін, оқимын, дегенмен сауатты жаза алмаймын деді. 7,5 пайызы әлемдік тілді түсінемін және қиындықпен жауап беремін деген нұсқаға тоқталса, 9,5 пайызы түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын деді. Пікірін білдіргендердің 16 пайызы ағылшын тілінің кейбір сөздерін ғана түсінемін десе, 49 пайызы мүлдем білмейтіндігін жеткізді.
Ағылшын тілін(де) сауалнамаға қатысқандардың:
5-диаграмма
Сіздіңше, қазақстандықтарға ағылшын тілін үйрену не үшін қажет?
«Сіздіңше, қазақстандықтарға ағылшын тілін үйрену не үшін қажет?» дейтін сұраққа респонденттердің 4,7 пайызы мемлекет басшысының жастарға қойған талабы деп түсіндірсе, 6,2 пайызы дамыған елдердің тарихын, мәдениетін білу үшін,11,2 пайызы ағылшын тіліндегі түрлі кітаптарды оқу үшін деп жауап берген. Пікірін білдіргендердің 23,3 пайызы әлемдік ғылым мен озық технологияларды игеру үшін десе, 24,7 пайызы дүниежүзілік қауымдастықта бәсекеге қабілетті болу үшін деген. Ал 29,9 пайызы болашақ мамандығына қатысты терең білім алу үшін ағылшын тілінің қажеттілігін айтқан.
Ағылшын тілін үйренудің басты факторлары:
6-диаграмма
Қазіргі уақытта қай тіл(дер)ді оқып-үйренген тиімді?
Сауалнаманың «Қазіргі уақытта қай тіл(дер)ді оқып-үйренген тиімді?» дейтін сұрағына респонденттердің 8 пайызы қазақ тілін десе, 18 пайызы орыс тілін, 23,1 пайызы ағылшын тілін деп жауап берді.Бұл сауалға пікірін білдіргендердің 12,6 пайызы қазақ және орыс тілдерін деген нұсқаны белгілесе, респонденттердің 15 пайызы қазақ және ағылшын тілдерін, 20,1 пайызы орыс және ағылшын тілдерін деді. 3,2 пайызы «пікіріңіз» деген бағанға қытай, араб тілдері деп жазып көрсетті..
Бүгінгі таңда мына тіл(дер)ді оқып-үйренген тиімді:
7-диаграмма
Сіздің ойыңызша, тілдерді оқып-үйрену барысында
қай тіл(дер)ге баса назар аударғанымыз жөн?
«Сіздің ойыңызша, тілдерді оқып-үйрену барысында қай тіл(дер)ге қай тілдерге баса назар аударғанымыз жөн?» дейтін сауалға респонденттердің 14 пайызы қазақ тіліне десе, 16,2 пайызы орыс тіліне, 21,3 пайызы ағылшын тілінедеді. 12,6 пайызы қазақ және орыс тілдеріне деген жауапқа тоқталса, 13,5 пайызы қазақ және ағылшын тілдеріне, 20,4 пайызы орыс және ағылшын тілдеріне деп жауап берді. Респонденттердің 2 пайызы қытай, араб тілдеріне деді.
Мына тіл(дер)ге басымдық беріп оқытуымыз керек:
8-диаграмма
Сіз оқитын оқу орнында (жұмыс орнында)
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқып-үйренуге
жағдай жасалған ба?
«Сіз оқитын оқу орнында (жұмыс орнында) қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқып-үйренугежағдай жасалған ба?» дейтін сауалға респонденттердің 22,4 пайызы иә, толық жағдай жасалған десе, 29,5 пайызы иә, дегенмен әдістемелік құралдар мен мамандар тапшы деді. 17,9 пайызы білмеймін, хабарым жоқ деген жауап нұсқасына тоқталса, респонденттердің 20,1 пайызы жоқ, мүлдем жағдай жасалмаған деді. Ал, сауалнамаға қатысып, пікірін білдіргендердің 10,1 пайызы аталған сауалға жауап бермеді.
Оқу орындары мен мекемелерде тілдерді оқып-үйренуге жасалған жағдайлар:
9-диаграмма
Сіздіңше, мемлекетімізде қай тіл(дер)дің беделі жоғары?
«Сіздіңше, мемлекетімізде қай тіл(дер)дің беделі жоғары?» дейтін сауалға респонденттердің 19 пайызы қазақ тіліне десе, 18,1 пайызы орыс тілінің, 7,9 пайызы ағылшын тілініңдеді.18,8 пайызы қазақ және орыс тілдерініңдеп жауап берсе, 15,2 пайызы қазақ және ағылшын тілдерінің, 16,5 пайызы орыс және ағылшын тілдерін деген нұсқаға тоқталды. Респонденттердің 4,5 пайызы аталған сұраққа жауап бермеді.
Елімізде мынатіл(дер)дің беделі жоғары:
10-диаграмма
Қалай ойлайсыз, үштілділік
(қазақ, орыс, ағылшын тілдері) бізге қажет пе?
«Қалай ойлайсыз, үштілділік(қазақ, орыс, ағылшын тілдері) бізге қажет пе?» дейтін сауалға респонденттердің 40пайызы иә, әлемдік өркениетке енуіміз үшін көп тіл білгеніміз жөн деп жауап берсе,30,3 пайызы қажет, дегенмен, мемлекеттік тіл бірінші болуы тиіс деді.Респонденттердің 7,2 пайызы қажет, бірақ дәл бүгін емес десе, 9 пайызы жоқ, бізге үштілділік мүлде қажет емес деп жауап берді. Пікірін білдіргендердің 13,5 пайызы бұл сауалға біздің елде үштілділіктен де маңызды мәселелер бар екендігін алға тартты.
Үштілділік туралы қоғамдық пікір:
11-диаграмма
Елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
дамыту үшін не істеуіміз қажет?
«Елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін дамыту үшін не істеуіміз қажет?» дейтін сауалға респонденттердің 14,1 пайызы білім беру мекемелерінде тіл пәндерінің санын арттыру десе, 13 пайызы тілдерді оқытудың әдіс-тәсілдерін түбірімен өзгерту деді. 28,7пайызы оқулықтар мен әдістемелік құралдардың сапасын арттыру деген жауапқа тоқталса, 32,2 пайызы үш тілде білім беретін балабақшалар мен білім беру мекемелерін көбйту деп жауап берді. Ал респонденттердің 12 пайызы тіл туралы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу деген жауапты белгіледі.
Үш тілді дамыту үшін мынандай шараларды қолға алу қажет:
12-диаграмма
Сіздіңше, үш тілді меңгеру жастарға
қиындық туғызбай ма?
«Сіздіңше, үш тілді меңгеру жастарға қиындық туғызбай ма?» деген сұраққа респонденттердің 8,3 пайызы көптеген қиындықтар туады десе, 61,2 пайызы аздап қиындықтар кездесуі мүмкін деді. Ал, пікірін білдіргендердің 23 пайызы ешқандай қиындықтар болмайды деген жауапқа тоқталса, 7,5 пайызы аталған сұраққа жауап бермеді.
Жастарға үш тілді меңгеру барысында:
13-диаграмма
Сіз болашақта ұлыңыздың (қызыңыздың)
қай тілде білім алғанын қалар едіңіз?
«Сіз болашақта ұлыңыздың (қызыңыздың) қай тілде білім алғанын қалар едіңіз?»
дейтін сауалға респонденттердің 28,1 пайызы қазақ тілінде десе, 14,9 пайызы орыс тілінде, 16,8 пайызы ағылшын тілінде деді. Респонденттердің 34,3 пайызы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде деген жауапты белгілесе, 5,9 пайызы «пікіріңіз» деген бағанға қытай, араб тілдерінде деп жазып көрсетті.
Болашақта қазақстандық жастар мына тілдерде білім алады:
14-диаграмма
Қалалық жастардың көбіне өзара
орысша тілдесуінің себебі неде?
«Қалалық жастардың көбіне өзара орысша тілдесуінің себебі неде?» дейтін сауалға пікірін білдіргендердің 21 пайызы қоғамдық ортаның әсері деп жауап берсе, 20,4 пайызы отбасылық тәрбиенің ықпалы деген жауапқа тоқталды. 17,3 пайызы балабақша мен мектептегі тәрбиенің салдары деген жауап нұсқасын белгілесе, 11,3 пайызы білім беру жүйесіндегі қазақ тілінің дұрыс оқытылмауы деді. Ал, респонденттердің 26,3 пайызы орыс тілінің әлі де болса беделінің жоғары болуы десе, 3,7 пайызы аталған сұраққа жауап бермеді.
Қалалық жастардың орысша тілдесуіне әсер ететін факторлар:
15-диаграмма
Еліміз латын әліпбиіне көшсе,
Сіз қалай қабылдар едіңіз?
«Еліміз латын әліпбиіне көшсе, Сіз қалай қабылдар едіңіз?» дейтін сауалға респонденттердің 60 пайызы қолдаймын деп жауап берсе,28 пайызы қолдамаймын деді. Пікірін білдіргендердің 8,2 пайызы маған бәрібір деген жауапты белгілесе, 3,8пайызы жауап бермеді.
Латын әліпбиіне көшуді тұрғындардың:
16-диаграмма
Егер қоғамдық қатынастардың барлық
саласында ағылшын тілінің қолданылуын қатаң
түрде талап етсе, мұны Сіз қалай бағалар едіңіз?
«Егер қоғамдық қатынастардың барлық саласында ағылшын тілінің қолданылуын қатаң түрде талап етсе, мұны Сіз қалайша бағалар едіңіз?» дейтін сауалға респонденттердің 28,9 пайызы шешімін көптен күткен қажетті шара деп бағалар едім десе, 9-10 пайызы мұны қазақстандықтардың құқығы мен бостандығын шектеу деп бағалар едім деді. Респонденттердің 20,1 пайызы аталған бастама Қазақстан халқынан қолдау табады дер едім деп жауап берсе, 4,1 пайызы бұл сұраққа жауап бермеді.
Қазақстандық қоғамның барлық саласында ағылшын тілін қолдануды талап етсе, тұрғындардың:
17-диаграмма
Білім беру мекемелерінде тілдерді
ойдағыдай оқыту үшін не істеу қажет?
«Білім беру мекемелерінде тілдерді ойдағыдай оқыту үшін не істеу қажет?» дейтін сауалға респонденттердің 22,9 пайызы оқытушылар жаңа әдістемелік технологиялар қолдануы тиіс, 17,7 пайызы үйренушілерге терең білім беріп, олардың танымдық қабілетін дамыту керек деді. 18,5 пайызы тіл кабинеттерін заманауи үлгіде жабдықтап тіл үйренушілерге жағдай жасау қажет деген жауапқа тоқталса, 19,4 пайызы тіл үйренушілерді ынталандыру қажеттілігін, 19,3 пайызы оқу орындарына шетелдік оқытушыларды тарту керектігін айтты. Пікірін білдіргендердің 2,2 пайызы аталған сұраққа жауап бермеді.
Мына шараларды ұйымдастыру арқылы тілдерді оқытуды дұрыс жолға қоюға болады:
18-диаграмма
Сіздің үш тілді қатар меңгеруіңізге қандай кедергілер бар?
«Сіздің үш тілді қатар меңгеруіңізге қандай кедергілер бар?» дейтін сауалға респонденттердің, 9 пайызы тілдерді оқып-үйренуге қаражатының жеткіліксіздігі, 54,6 пайызы қызығушылығымның жоқтығыдеді.9,6 пайызы үш тілді бірдей меңгеруге қажеттілік жоқ десе, 8,1 пайызы лайықты әдістеменің тапшылығын, 3,2 пайызы оқулықтар мен әдістемелік құралдардыңқымбаттығын, 5,6 пайызы пікір алмасып, сөйлесетін ортаның жоқтығын, 6,2 пайызы оқу орындарындағы оқытушылар біліктілігінің төмендігін алға тартты. Ал 3,7 пайызы бұл сұраққа жауап бермеді.
Тілдерді оқыту барысында мынадай проблемалар жиі кездеседі:
19-диаграмма
Мамандандырылған курстарда тілдерді жетік оқып-үйрену мүмкін бе?
«Мамандандырылған курстарда тілдерді жетік меңгеру мүмкін бе?» деген сұраққа респонденттердің 71,6 пайызы иә, 21,4 пайызы жоқ десе, 7 пайызы жауап бермеді.
Респонденттердің:
20-диаграмма
Сіз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгергенсіз бе?
«Сіз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгергенсіз бе?» деген сұраққа пікірін білдіргендердің 6,2 пайызы иә деп жауап берсе, 92,6 пайызы жоқ деді. 1,2 пайызы аталған сауалға жеке пікірлерін жазып көрсетті.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің:
21-диаграмма
Сіз «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңын білесіз бе?
«Сіз «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңын білесіз бе?» дейтінсауалғареспонденттердің 24 пайызы иә, жақсы таныспын десе, 60 пайызы естігенмін, бірақ мазмұнымен таныс емеспін, 16пайызы жоқ, таныс емеспін деді.
«Тіл туралы» Заңды респонденттердің:
22-диаграмма
Тіл саясатының іске асуын бағалаңыз:
Қазақстанда тіл саясатының іске асуын респонденттердің 49,5 пайызы жақсы, 37,3 пайызы өзге аймақтармен салыстырғанда қанағаттанарлық деп бағаласа, 10,6 пайызы нашар деген. 2,6 пайызы аталған сұраққа жауап бермеген.
Облыстағы мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асуын пікірін білдіргендердің 46,3 пайызы жақсы, 44,7 пайызы өзге аймақтармен салыстырғанда қанағаттанарлық, 9 пайызы нашар деп бағамдаған.
Респонденттердің өздері тұратын аймақтағы тіл саясатының жүзеге асуын, олардың 50,1 пайызы жақсы, 39,6 пайызы өзге аймақтармен салыстырғанда қанағаттанарлық деп баға берсе, 6 пайызы нашар деген. Ал 4,3 пайызы бұл сұраққа жауап бермеген.
Қазақстанда
...тіл саясатының іске асуына берілген бағалау, атап айтқанда:
Қазақстанда:
Түркістан облысындағы
Түркістан облысында:
өзіңіз тұратын ауданда, қалада:
өзіңіз тұратын ауданда, қалада:
23-диаграмма
Тілдерді қандай телеөнім арқылы насихаттаған тиімді?
«Тілдерді қандай телеөнім арқылы насихаттаған тиімді?» деген сауалға респонденттердің 11,8 пайызы жаңалықтар, қоғамдық-саяси бағдарламалар, 19,5 пайызы думанды шоулар мен концерттер көрсетіп, насихаттаған дұрыс десе, 16,4 пайызы деректі және көркем фильмдерді беру арқылы да тілдерді дамытуға болады деген. Пікірін білдіргендердің 10,5 пайызы мәдени, рухани бағдарламалар, 14,5 пайызы жарнамалық роликтерді тұрақты экраннан көрсетіп-ақ, үш тілді халық санасына сіңіруге болады дейді. Ал, басым көпшілігі, яғни 27,3 пайызы балаларға арналған бағдарламалар, мультфильмдер арқылы тілдерді «көгілдір экранның» көмегімен жарнамалаған дұрыс деген ойда.
Тілдерді мынандай телеөнім арқылы насихаттаған жөн:
24-диаграмма
Қалай ойлайсыз, мемлекеттік тіл барша қазақстандықтарды
біріктіруші фактор бола ала ма?
«Қалай ойлайсыз, мемлекеттік тіл барлық қазақстандықтарды біріктіруші фактор бола ала ма?» деген сауалға респонденттердің 41,2 пайызы әрине, елімізде мемлекеттік тілге деген қызығушылық өсуде деді, 17,9 пайызы бола алады, дегенмен қазақ тілін оқытып-үйрету, насихаттау жұмыстарын жолға қою қажеттігін айтты. 11,2 пайызы тіл туралы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізсек, бола алады десе, 17,4 пайызы мүмкін, бірақ, жақын арада емес деп жауап берді. Ал респонденттердің 12,3 пайызы жоқ, өйткені еліміздегі азаматтар мемлекеттік тілді үйренуге құлықсық екендігін алға тартты.
Мемлекеттік тіл қазақстандықтарды біріктіруші фактор:
Түркістан облысы бойынша (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерін меңгеру деңгейі
|
№ |
Аудан, қала атауы |
Тұрғындардың саны |
Қазақ тілді меңгеру деңгейі |
Орыс тілін меңгеру деңгейі |
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі |
Үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі, саны % |
|
1
|
Түркістан қаласы |
72 |
69 95,8% |
60 83,3% |
18 31% |
15 20,8%
|
|
2 |
Арыс қаласы |
58 |
56 96,5 % |
45 77,5%
|
10 17,2% |
6 11,3% |
|
3 |
Кентау қаласы |
58 |
54 93,1% |
54 93,1%
|
13 22,4% |
6 10,3% |
|
4 |
Сауран ауданы |
58 |
53 91,3% |
43 81,1% |
11 18,9% |
7 12% |
|
5 |
Бәйдібек ауданы |
58 |
58 100% |
37 63,7% |
9 15,5% |
4 6,8% |
|
6 |
Қазығұрт ауданы |
58 |
56 96,5% |
37 63,7% |
8 13,7% |
4 6,8% |
|
7 |
Мақтаарал ауданы |
58 |
54 93,1% |
39 67,2% |
9 15,5% |
6 10,3% |
|
8 |
Ордабасы ауданы |
58 |
56 96,5% |
39 67,2% |
14 24,1% |
7 12% |
|
9 |
Отырар ауданы |
58 |
58 100% |
37 63,3% |
9 15,5% |
3 5,1% |
|
10 |
Сайрам ауданы |
58 |
51 87,9% |
42 72,4% |
10 17,2% |
4 6,8 % |
|
11 |
Сарыағаш ауданы |
58 |
56 96,5% |
35 60,3% |
7 12,0% |
8 13,7% |
|
12 |
Созақ ауданы |
58 |
58 100% |
31 53,4% |
12 20,6% |
4 6,8%
|
|
13 |
Төлеби ауданы |
58 |
56 96,5% |
53 91,3% |
9 15,5% |
5 8,6% |
|
14 |
Түлкібас ауданы |
58 |
56 96,5% |
52 89,6% |
13 22,4% |
5 8,6% |
|
15 |
Шардара ауданы |
58 |
56 96,5% |
41 70,6% |
10 17,2% |
8 13,7% |
|
16 |
Келес ауданы |
58 |
57 96,5% |
39 67,2% |
8 13,9% |
4 6,8% |
|
17 |
Жетісай қаласы |
58 |
56 96,5% |
49 84,4% |
9 15,5%
|
3 5,1% |
|
|
Барлығы |
1000 100% |
960 96% |
730 73,0% |
180 18% |
100 10,0% |
САУАЛНАМА
Құрметті респондент! Сізді Түркістан облысындағы тұрғындардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеуге қатысуға шақырамыз. Жауап беру үшін сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз және ұнаған жауапты белгілеңіз. «Пікіріңіз (жазыңыз)» деген орынға өз ойыңызды жазуыңызға болады.
Сауалнамада Сіздің аты-жөніңіз көрсетілмейді. Сондықтан, берілген сұрақтарға шынайы жауап беруіңізді өтінеміз. Әлеуметтік зерттеуге қатысқаныңыз үшін Сізге алдын-ала алғыс білдіреміз!
Қазақстанда:
Түркістан облысында:
Сіз тұратын ауданда, қалада:
ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ:
Бұл шағын кітапшада Түркістан облысындағы тұрғындардың тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген социологиялық зерттеудің материалдары топтастырылған.
Түркістан қаласы, 2025 жыл.