Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

№

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

1

«Түркістан облыстық мәдениет басқармасы» ММ

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің есімдерін ұлықтауға байланысты

 

         Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батырлары мен Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің есімдерін ұлықтауға байланысты бір реттік тапсырманың негізінде аудан, қаладағы Кеңес Одағының Батырлары мен Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің (бір немесе одан көп ордендері, орденін растайтын облыстық архивтің анықтамасы болуы міндетті) есімдерін көшеге беру туралы ұсыныстар  20 ақпанға дейін жинақталып, 117 ҰОС ардагерінің тізімі Мәдениет және ақпарат министрлігіне келісуге ұсынылды. Аталған тізім республикалық ономастика комиссиясында жан-жақты толық қаралып, келісім берілген жағдайда жыл бойы ұлықтау жұмыстары жүргізіледі. 

2

«Түркістан облыстық мәдениет басқармасы» ММ

Мемлекеттің қатысуы бар объектілерге (мектеп, т.б.) мен ауылдарға атау беру бойынша

 

        Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі №211 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Объектілерге атау беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №25-32-2.1 қбп хаттамасына сәйкес 2025 жылы Елді мекендер мен мемлекеттің қатысуы бар объектілерге атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстардың қарастырылуы уақытша тоқтатылды.

3

«Түркістан облыстық мәдениет басқармасы» ММ

Кісі есімдерін көшеге, т.б. ұсыну бойынша

 

            Кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қойылғандықтан ортақ тарихи сананы қалыптастыру үшін «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» тізімдері әзірленген.

Ономастикалық объектілерге, көшелер мен даңғылдарға атау беру кезінде Республикалық ономастикалық комиссиясымен мақұлданған Әдістемелік ұсынымдар қатаң басшылыққа алынады. Әдістемелік ұсынымда көшелерге атау беру барысында «Тарихи тұлғалар» тізімін басшылыққа алу қарастырылған.

Осы ретте тиісті тұлға «Тарихи тұлғалар» тізімінде болуы қажет.

4

«Түркістан облыстық мәдениет басқармасы» ММ

«Тарихи тұлғалар» тізіміне ұсыныс енгізу үшін:

 

1. Аудандық, қалалық әкімдікке «Тарихи тұлғалар» тізбесіне тұлғаны енгізу туралы ұсыныс беру қажет (тұлғаның туған өлкесі немесе сол ауданда еңбек сіңіріп, қызмет жасаған);

- Аудандық, қалалық әкімдікке тұлғаның өмірбаяны, мемлекеттік наградалары, растайтын архивтік құжаттарын өткізеді.

3. Аудан, қала әкімдіктері тиісті ұсынысты құжаттарымен бірге облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынады.

4. Облыстық ономастика комиссиясы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің белгілеген квотасына сәйкес қарайды.

5. Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ономастика комиссиясының хаттамасымен, тұлғалардың наградасы мен еңбектері туралы (архивтік) құжаттарымен Республикалық ономастика комиссиясының қарауына одан әрі шығару үшін екі жылда бір, айдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдайды.

5

«Түркістан облыстық мәдениет басқармасы» ММ

Мекемелердің маңдайша жазулары бойынша

 

Маңдайшаны орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.

      Хабарлама:

      1) маңдайшаны облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (аудан, қала әкімдіктері);

      2) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде орналастыру кезінде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі (аудан, қала әкімдіктері).

      Хабарлама маңдайша орналастырылатын болжамды күннен кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Хабарламаға:

      1) маңдайшаны орналастыру орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

      2) маңдайшаның эскизі қоса беріледі.

      Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.

      Жергілікті атқарушы органдар ескертулер ұсынған жағдайда маңдайша ескертулер жойылған кезде ғана орналастырылуы мүмкін. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, өтініш беруші маңдайшаны өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады. Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс. Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi. Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

6

«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» ММ

Мәдениет нысаны жоқ елдімекендерге мәдениет үйін салу мәселесі

Ауылдық елдімекендерге мәдениет үйін салу «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Аудан, қала әкімдігі мәдениет үйі жоқ елдімекендегі инфрақұрылымы жүргізілген аумақтан жер телімін бөліп, ЖСҚ әзірлеп, салалық басқармалар арқылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына ұсынады. Қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Түркістан облысында 807 елдімекен бар. Оның 268-і мәдениет үйімен қамтылса, 539 елдімекенде мәдениет нысаны жоқ. Республика бойынша мәдениет нысанымен қамтылу деңгейі бойынша Түркістан облысы ең соңғы орында. Осыған орай, облыс әкімінің тапсырмасымен мәдениет нысандарының бірінші кезектегі қажеттілігін анықтайтын критерий әзірленіп, аудан, қалаларға жұмыс үшін жолданған. Ол құжатта бірінші кезекте ауылдық округ орталықтары, екінші кезекте халық саны 5000-нан асатын елдімекендерді, үшінші кезекте халық саны 2000-нан асатын елдімекендерді қамту көрсетілген. Бұл өз кезегінде халықтың басым көпшілігін мәдени қажеттіліктермен қамту деңгейін арттыратын болады.

Осыны негізге ала отырып, аудан, қала әкімдіктері бірінші кезекте мәдениет үйі жоқ ауылдық округ орталықтары мен халық саны жоғары ауылдардардағы инфрақұрылымы жүргізілген аумақтан жер телімін бөліп, ЖСҚ әзірлеп, салалық басқармалар арқылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына ұсынады. Қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Қалған елдімекендерді қамту жұмыстары қажеттілігіне сай кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

7

«Түркістан облысының мәдениет басқармасы» ММ

Ескерткіш орнатудың тәртібі қандай?

Монументті өнер құрылыстарын орнату тәртібі (ескерткіш, бюст, стелла) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Монументтік  өнер құрылыстарын орнату қағидалары» туралы 2024 жылғы 6 желтоқсандағы №578-НҚ бұйрығындағы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.

Монументті өнер құрылыстарын орнату «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады.

Монументтік өнер құрылыстарын  орнатуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырады.

        Монументтік өнер құрылыстарын орнату «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады.

        Құрылыс қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң орнатылады.

         Құрылыс мемлекеттік меншіктегі жалпы ортақ пайдаланылатын орындарда орнатылады.

        Бір елді мекенде бір аса көрнекті тұлғаға немесе маңызды тарихи оқиғаға бір құрылыс қана орнатылады.

        Жергілікті атқарушы органдар монументтік өнер құрылыстары бойынша жұмысты жоспарлы негізде жүргізеді.

        Жоспарды тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) алдағы күнтізбелік жылға жоспарланып отырған жылдың алдындағы ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде қалыптастырады.

       Жергілікті атқарушы органдар құрылыс туралы ұсыныстарды уәкілетті органға жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде ұсынады.

       Жоспарға жергілікті атқарушы органдардың ұсынысында қаржылық растау, жер учаскесін бөлу туралы шешім мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы болуға тиіс.

        Жоспарға енгізілген құрылысқа жоғары шығармашылық орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мүсіншілер арасында құрылыстың үздік жұмыс жобаларына республикалық шығармашылық конкурс жариялайды.

       Жоспарланған республикалық шығармашылық конкурс туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс жобаларын қабылдаудың басталу және аяқталу күнін міндетті түрде көрсете отырып орналастырылады.

       Үздік жұмыс жобаларына арналған республикалық шығармашылық конкурсты жергілікті атқарушы органдар оның шарттарын егжей-тегжейлі сипаттай отырып кемінде бір ай мерзімге жариялайды.

        Республикалық шығармашылық конкурс аяқталғаннан кейін конкурсқа келіп түскен құрылыстың жұмыс жобалары жергілікті атқарушы органдар жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялардың қарауына енгізіледі.

        Республикалық шығармашылық конкурсқа келіп түскен жұмыс жобаларынан Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия кемінде үш жұмысты үздік деп таниды.

         Жергілікті атқарушы органдар жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия іріктеп алған құрылыстың үздік жұмыс жобалары мынадай құжаттармен және материалдармен бірге уәкілетті органға жіберіледі:

      1) құрылысты орнатуды қаржыландыру туралы ақпарат қамтылған ілеспе хат;

      2) құрылысты орнату үшін жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің немесе қаулысының көшірмесі;

      3) құрылыстың кемінде 1:10 ауқымдағы кемінде үш жұмыс жобасы;

      4) жарықтың төрт бағыты көрсетілген құрылысты орнатудың ахуалдық сызбасы;

      5) құрылыстың 1:500 ауқымдағы бас жоспарының макеті;

      6) құрылыстың сәулеттік-көркемдік, композициялық шешімдері туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба;

      7) жергілікті атқарушы органдар жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы.

Перечень часто задаваемых вопросов по обращениям жителей Туркестанской области
Дата публикации
23 мая 2025