Облыстық мәдениет басқармасының
2021 жылғы шілде айында атқарған жұмыстарының
ЕСЕБІ
Бүгінгі таңда облыста 676 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Оның iшiнде: 392 кiтапхана, 249 клуб (Сайрам ауданындағы апатты жағдайдағы 2 ауылдық клуб жабылды). 24 музей, 2 кәсіби театр, 5 саябақ Сарыағаш ауданындағы 1 саябақ Сарыағаш қаласының теңгеріміне берілуге байланысты аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» есебінен шығарылды. 2 орталық, 1 облыстық филармония, 1 көркемсурет галереясы, 1 «Оңтүстікфильм» мекемесі, 1 «Конгресс Холл» көпсалалы кешені.
Есепті мерзімде 1 облыстық деңгейдегі, жалпы клуб мекемелерінде 638, кітапханаларда 4651 онлайн форматта, 4667 офлайн форматта, музейлерде 352 көпшілік іс-шара өткізілді. Барлығы – 9670 іс-шара.
Театрларға келуші көрермен саны 0.
Концерттік ұйымға келушілер саны көрермен 80.
Есепті мерзімде облыстық кәсіби 2 театрда ағымдағы 0 қойылым халыққа ұсынылып, 0 көрермен (0 қаралым саны) қамтылды.
«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде 1 мәдени іс-шаралар (онлайн/офлайн) өткізіліп көрермен саны 80.
Ай көлемінде филармония ұжымы шілде айында кезекті еңбек демалысында болуына байланысты іс-шаралар мен концерттер өткізілмеді.
Есепті мерзімде облыстағы 24 музейде 3572 экскурсия, 372 көрме, 352 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 1 432 248 келушілер қамтылды. 4061 дана жаңа экспонат жинақталып, жалпы қор 178 280 данаға жетті.
Облыстағы 392 кітапханада 4651 онлайн форматта, 4667 офлайн форматта көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оқырмандар саны 215 057 адамды құрап, 57064 дана жаңа кітаптармен толықтырылып, кітап қоры 5 млн. 915 мың 685 данадан асты.
Облыстағы 249 клуб мекемелерінде 920 іс-шара (569 онлайн, 351 офлайн ) ұйымдастырылып, 43732 адам (көрермен 15722, қаралым саны28010) қамтылды. 861 клубтық құрылымдар ұйымдастырылып, 10910 адам қатысты.
Өңірімізде тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштерінің саны –1700.
«Қазақстанның рухани қасиетті орындары», «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы аясында Түркістан облысы бойынша 24 жалпыұлттық, 76 жергілікті маңызы бар жалпы – 100 қасиетті, киелі орын есепке алынған.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні электрондық кітап қоры 17 589 дана, цифрлы форматқа көшірілген құжаттар саны – 2683 данаға жетті.
2021 жылғы 25 сәуірде облыстық ономастика комиссиясының отырсы өтіп, оң қорытындысын алған 11 елді мекен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатының бірлескен шешімі дайындалды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі еліміздегі ономастикалық атауларға талдау жүргізу мақсатында, 2020 жылы өзгертілген атаулар бойынша жолдаған кестелер бойынша мәлімет жолданды.
28 сәуір күні онлайн режимінде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді.