Облыстық мәдениет басқармасының
2021 жылғы маусым айында атқарған жұмыстарының
ЕСЕБІ
Бүгінгі таңда облыста 676 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Оның iшiнде: 392 кiтапхана, 249 клуб, 24 музей, 2 кәсіби театр, 5 саябақ Сарыағаш ауданындағы 1 саябақ Сарыағаш қаласының теңгеріміне берілуге байланысты аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» есебінен шығарылды. 2 орталық, 1 облыстық филармония, 1 көркемсурет галереясы, 1 «Оңтүстікфильм» мекемесі, 1 «Конгресс Холл» концерттік мекемесі.
Есепті мерзімде 1 облыстық деңгейдегі, жалпы клуб мекемелерінде 638, кітапханаларда 3924 онлайн форматта, 4264 офлайн форматта, музейлерде 309 көпшілік іс-шара өткізілді. Барлығы – 7153 іс-шара.
Театрларға келуші көрермен саны 9964.
Концерттік ұйымдарға келуші 1200 көрермен.
Есепті мерзімде облыстық кәсіби 2 театрда ағымдағы 11 қойылым халыққа ұсынылып, 853 көрермен (543 ақылы көрермен, 310 ақысыз көрермен) қамтылды. 11 онлайн іс-шарадан 1911 қаралымға жетті.
«Конгресс Холл» көпсалалы кешені 3 мәдени іс-шара өткізіліп 154 көрермен қамтылды.
Есепті мерзімде облыстағы 24 музейде 3034 экскурсия, 323 көрме, 309 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 1 271 894 келушілер қамтылды. 3429 дана жаңа экспонат жинақталып, жалпы қор 190 846 данаға жетті.
Облыстағы 392 кітапханада 3924 онлайн форматта, 4264 офлайн форматта көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оқырмандар саны 294 487 адамды құрап, 56026 дана жаңа кітаптармен толықтырылып, кітап қоры 5 млн. 915 мың 052 данадан асты.
Облыстағы 249 клуб мекемесінде 701 іс-шара (426 онлайн, 275 офлайн) ұйымдастырылып, 63715 адам (көрермен 18244, қаралым саны 45471) қамтылды. 861 клубтық құрылымдар ұйымдастырылып, 10610адам қатысты.
Өңірімізде тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштерінің саны –1700.
«Қазақстанның рухани қасиетті орындары», «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы аясында Түркістан облысы бойынша 24 жалпыұлттық, 76 жергілікті маңызы бар жалпы – 100 қасиетті, киелі орын есепке алынған.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні электрондық кітап қоры 17 589 дана, цифрлы форматқа көшірілген құжаттар саны – 2743 данаға жетті.
Тілдерді дамыту саласындағы негізгі көрсеткіштер:
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын 16 орталық жұмыс жасайды. Орталықтарда 15 әдіскер, 30 қазақ тілі, 18 орыс тілі, 22 ағылшын тілі маманы жұмыс істейді.
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін 2021 жылы 93,7-ға;
Үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендер үлесі 11,5%-ға;
Орыс тілін меңгерген тұрғындар үлесін 63,8 %-ға;
Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін 15,3%-ға арттыру жоспарланды.
«Түркістан облысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №63 қаулысына сәйкес, ономастика саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жұмыс жоспары дайындалды.
2020 жылғы 29 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған 10 білім мекемесіне атау беру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатының бірлескен шешімі дайындалды.
Түркістан облысының құрамында құрылатын жаңа ауданға Сауран атауын беруге байланысты облыстық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, 2021 жылғы 29 қаңтардағы қорытындысы дайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Түркістан облысының құрамында құрылатын жаңа ауданға атау беру туралы ұсынысты енгізу туралы Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатының бірлескен шешімі дайындалды.