БЕКІТЕМІН
Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысы
_________Ә. Қойлыбаев
2021 жылғы «___» __________
Түркістан облысы мәдениет басқармасы әкімшілік бөлімінің ережесі
- Жалпы ережелер
- Әкімшілік бөлімі «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және Басқарма басшысына бағынады.
- Әкімшілік бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім:
1) бөлім басшысынан;
2) бес бас маманнан тұрады.
Бөлім персоналын функционалды басқару мен сызықтық басшылықты бөлім басшысы жүзеге асырады.
- Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі тиісті лауазымдық қызмет нұсқаулығымен анықталады.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Жоспарлау - қаржы бөлімінің басшысы (әрі қарай – бөлім басшысы) басқарма басшысынан бұйрықтар, қызметтік тапсырмалар алады.
- Бөлім басшысы заңдылықтарға сәйкес лауазымына басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалады және босатылады.
- Бөлімнің жұмысын үйлестіреді, қадағалайды.
- Түркістан облысының мәдениет басқармасына бағынысты мекемелердің жұмыстарын ұйымдастырады.
- Жоспарлау-қаржы бөлімінің басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мәдениет туралы», «Салық кодексі туралы», «Бюджет кодексі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілерді, облыс әкім аппаратының бұйрықтары мен өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы қызметтік нұсқауды басшылыққа алады.
- Осы қызметтік нұсқаулық Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік нұсқаулығын әзірлеу және бекіту бойынша әдістемелік ұсынымға сәйкес жасалды.
- Кадр мәселелеріне байланысты кешенді жұмыстарға басшылық жасайды;
- басқарманың өндірістік бұйрықтарын дайындайды;
- мәдениет басқармасының жұмыс жоспарын дайындайды, орындалуына бақылау жасайды;
- басқармаға қарасты мекемелер мен тығыз байланыста, жұмыстарын үйлесімді жүргізілуін іске асырады, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын іске асырады;
- басқарма бөлімдерінің тоқсандық, жылдық жұмыс есептерін қабылдау, талдау және қорытындылауды ұйымдастырып жүргізеді;
- азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, өз мерзімінде қаралуын, орындалуын қадағалайды, мекеменің басқа бөлімдерінен мәдениет және өнер мекемелерінің анықтамаларын қабылдап, қорытындылайды;
- басқарма аппаратының ісқағаздарын тиісті жүргізілуін ұйымдастыру, кіріс хаттар мен құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және оларды тиісті жерге жіберуді, шығыс хаттар мен құжаттарды уақытылы жөнелту жұмыстарын ұйымдастырып, қадағалау, басқарма бөлімдері мен мәдениет және өнер мекемелерінің анықтамаларын қабылдап, қорытындылау, ай сайын басқарма басшысына есеп беру;
- кадр мәселелеріне байланысты кешенді жұмыстарға басшылық жасайды, бөлімнің жұмысына сараптау, талдау жұмыстарын жүргізеді;
- бөлімнің тоқсандық іс-жоспарын басқарма басшысы немесе орынбасарымен келіседі және бекітеді;
- бөлімнің тоқсандық іс-жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді, оның қорытындысы бойынша қызметтік хат дайындайды және басқарма басшысына есеп береді;
- бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарының орындалуын бақылайды, оның қорытындысы бойынша басқарма басшысына қызметтік хат дайындайды.
- басқарма аппараты бойынша және басқармаға қарасты мекемелердің мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуге басшылық ету.
- Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды, жылдық, тоқсандық жоспарларын дайындалуын және орындалуын қамтамасыз етеді, басқарма басшысына олардың іске асырылуы бойынша тоқсан сайын жазбаша есептер дайындау жұмыстарын жүргізеді;
- мәдениет саласына қатысты кешенді жұмыстардың қаржылық жұмыстарына басшылық жасайды, мемлекеттік саясатты жүргізеді;
21.«Салық кодексі туралы», «Бюджет кодексі туралы» ҚР заңдарының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына атсалысады;
- бөлімдегі іс-шаралардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Үкімет актілерінің, облыс әкімі мен әкімдігі қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
- бөлімнің тоқсандық іс-жоспарын басқарма басшысы немесе орынбасарымен келіседі және бекітеді, жоғары органдардың және басқарма басшысының тапсыруымен анықтамалар, хабарламалар және тағы басқа да құжаттар әзірлеуге басшылық жасайды;
- басқармада жүргізілетін бухгалтерлік есепті, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру, жалақы қорының дұрыс жұмсалуын, кассалық, қаржы, штат тәртіптерінің сақтау жүйесін қадағалау, аппарат және оған қарасты мекемелердің жоспарларына өзгерістер еңгізуді ұйымдастырып, әр айдың соңында атқарылған жұмыстар туралы қызметтік хат дайындап, басқарма басшысына есеп береді;
- басқарма балансындағы негізгі құралдардың және құндылықтардың кіріс, шығыс есебін жүргізу, аппарат бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, мәдениет және өнер мекемелерінің табыс жоспарын орындалуы туралы мәліметті тиісті органдарға жіберу, мекемеге бағынысты мекемелердің материалды-техникалық базасы туралы мәлімет жинақтау;
- бөлім қызметіне жататын мәселелер бойынша басқарма басшысының қарауына ұсыныстар енгізеді;
- мәдениет және өнер мекемелерінің басшыларымен өзара іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады;
- бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарының орындалуын бақылайды, оның қорытындысы бойынша қызметтік хат дайындайды;
- жалпы бір айлық, тоқсандық, жылдық есептерін, баланстарын түзеді;
- Бөлім өзінің негізгі міндеттерін орындау және функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие:
- Бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар беру және олардың орындалуын қадағалау.
- қызметкерлерге берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы бойынша басқарма басшысына марапаттауға немесе тәртіптік жаза қолдануға, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға ұсыныс жасау;
- осы қызметтік нұсқаулықта көрсетілген міндеттеріне байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- басқарманың жұмысын ұйымдастыру, жақсарту және өзекті проблемалар бойынша ұсыныстар енгізу;
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару мақсатында, өз біліктілік деңгейін көтеру;
- өз міндеттерін орындау барысында бөлім басшысына мынадай құқықтар берілген:
- Қазақстан Республикасы азаматтарына Конституциямен кепілденген құқықтары мен бостандықтары қолдануға;
- жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар мен азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;
- әлеуметтік және құқықтық қорғау;
- зейнеттік және әлеуметтік қамтамасыз ету;
- еңбек және денсаулықты қорғау, еңбек жағдайының қауіпсіздігі.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Функционалдық міндеттерін бұлжытпай орындауға;
- бөлім қызметкерлерінің атқарушылық тәртібіне;
- материалдық-техникалық ресурстардың тиімді пайдалануына;
- жұмыс жоспарлары мен өңірлік бағдарламаның орындалуына;
- басшылыққа тапсырылатын ақпараттардың, т.б. құжаттардың дұрыстығына;
- азаматтармен қарым-қатынаста қарапайымдылық пен кішіпейілділікті сақтауға;
- Қазақстан Республикасы Заңдарын, мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау, өз қызметін атқару барысында алған ақпаратты таратпауға жауапты.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимыл жасауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы тиісті органдарды хабардар етуге;
- Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдауға міндетті.
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп Кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi)» талаптарын сақтайды.