БЕКІТЕМІН
Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысы
_________Ә. Қойлыбаев
2021 жылғы «___» __________
Түркістан облысы мәдениет басқармасы тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің ережесі
- Жалпы ережелер
- Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімі «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және Басқарма басшысына бағынады.
- Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім:
1) бөлім басшысынан;
2) төрт бас маманнан тұрады.
Бөлім персоналын функционалды басқару мен сызықтық басшылықты бөлім басшысы жүзеге асырады.
- Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі тиісті лауазымдық қызмет нұсқаулығымен анықталады.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Бөлімнің негізгі міндеттері
- Облыс әкімі орынбасарларының, басқарма басшысының тапсырмаларын дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету.
- бөлімге қарасты мекемелермен тығыз байланыста, жұмыстарын үйлесімді жүргізілуін қадағалайды, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын іске асырады;
- археологиялық қазба жұмыстары мен реставрация, консервация жұмыстарына бақылау жасау, облыстағы мұражайлардың қызметін қадағалау;
- облыстағы мәдени құндылықтарды әкелу және әкету бойынша сараптама комиссиясының жұмысын үйлестіреді;
- осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- Облыста өтетін мәдени іс-шаралардың тиісті деңгейде өтуін қамтамасыз етеді;
- бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды, жылдық, тоқсандық жоспарларын дайындалуын және орындалуын қамтамасыз етеді, басқарма басшысына олардың іске асырылуы бойынша тоқсан сайын жазбаша есептер дайындау жұмыстарын жүргізеді;
- бөлімге бағынысты мекемелердің Жарғысына талдау, сараптау жұмысын жүргізеді, олардың атқарған жұмысы бойынша басқарма басшылығына аналитикалық ақпараттар дайындайды;
- бөлімге қарасты мекемелермен тығыз байланыста, жұмыстарын үйлесімді жүргізілуін іске асырады, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады.
- Бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар беру және олардың орындалуынбөлім басшысы қадағалайды.
- Қызметкерлерге берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы бойынша басқарма басшысына марапаттауға немесе тәртіптік жаза қолдануға, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға бөлім басшысы ұсыныс жасайды.
- осы қызметтік нұсқаулықта көрсетілген міндеттеріне байланысты жұмысты жетілдіру бойынша бөлім басшысы ұсыныстар енгізеді;
- бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, мәдениетті дамытудың өзекті проблемалары бойынша бөлім басшысы ұсыныстар енгізеді.
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару мақсатында, өз біліктілік деңгейін көтереді.
- өз міндеттерін орындау барысында бөлім басшысына мынадай құқықтар берілген:
- осы қызметтік нұсқауда көрсетілген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру барысында ұсыныстар енгізуге;
- Қазақстан Республикасы азаматтарына Конституциямен кепілденген құқықтары мен бостандықтары қолдануға;
- жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар мен азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;
- әлеуметтік және құқықтық қорғау;
- зейнеттік және әлеуметтік қамтамасыз ету;
- еңбек және денсаулықты қорғау, еңбек жағдайының қауіпсіздігі;
- Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды және жұмысын ұйымдастырады.
- Осы салада мемлекеттік саясатты жүргізеді;
- тарихи-мәдени ескерткіштер туралы талдау, мәліметтер дайындайды, ай сайын жазбаша түрде басқарма басшысына есеп береді.
- облыстағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру, оларға талдау, сараптау, болжау жұмыстарын жүргізу;
- мұражай жұмысына жауапты мәдениет мекемелерінің дамуы жөніндегі жоспарларының орындалуын қадағалау, бөлімнің жылдық жұмысын жоспарлау, жоспар бойынша тоқсан сайын жазбаша түрде есеп беру.
- археологиялық қазба жұмыстары мен реставрация, консервация жұмыстарына бақылау жасау, облыстағы мұражайлардың қызметін қадағалау;
- бөлім қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар береді, олардың орындалуына бақылау жасайды және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- бөлім қызметіне жататын мәселелер бойынша басқарма басшысының қарауына ұсыныстар енгізеді;
- бөлім жұмысына қатысты жоғары органдардың және басқарма басшысының тапсыруымен анықтамалар, хабарламалар және тағы басқа да құжаттар әзірлеуге басшылық жасайды;
- тарихи-мәдени ескерткіштер туралы анықтама, мәліметтер дайындайды, ай сайын жазбаша түрде басқарма басшысына есеп береді,
- облыстағы мәдени құндылықтарды әкелу және әкету бойынша сараптама комиссиясының жұмысын үйлестіреді;
- бөлімнің жылдық, тоқсандық жоспарын басқарма басшысы немесе орынбасарымен келіседі және бекітеді;
- бөлімнің жылдық, тоқсандық жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді, оның қорытындысы бойынша қызметтік хат дайындайды және басқарма басшысына есеп береді;
- бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарының орындалуын бақылайды, оның қорытындысы бойынша қызметтік хат дайындайды;
- мекеме басшыларының қызметтік нұсқаулықтың орындалуына бақылау жасайды, оның қорытындысы бойынша қызметтік хат дайындайды;
- қоғамдық бірлестіктер атап айтқанда жазушылар, суретшілер, қолөнершілер одақтарымен жұмыс жасау.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Функционалдық міндеттерін бұлжытпай орындау;
- Бөлім қызметкерлерінің атқарушылық тәртібіне;
- Материалдық-техникалық ресурстардың тиімді пайдалануына;
- Жұмыс жоспарлары мен өңірлік бағдарламаның орындалуына;
- Басшылыққа тапсырылатын ақпараттардың, т.б. құжаттардың дұрыстығына;
- Азаматтармен қарым-қатынаста қарапайымдылық пен кішіпейілділікті сақтауға;
- Қазақстан Республикасы Заңдарын, мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау, өз қызметін атқару барысында алған ақпаратты таратпауға жауапты.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимыл жасауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы тиісті органдарды хабардар етуге;
- Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдауға міндетті.
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп Кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi)» талаптарын сақтайды.