БЕКІТЕМІН
Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысы
_________Ә. Қойлыбаев
2021 жылғы «___» __________
Түркістан облысы мәдениет басқармасы ономастика бөлімінің ережесі
- Жалпы ережелер
- Ономастика бөлімі «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және Басқарма басшысына бағынады.
- Ономастика бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім:
1) бөлім басшысынан;
2) үш бас маманнан тұрады.
Бөлім персоналын функционалды басқару мен сызықтық басшылықты бөлім басшысы жүзеге асырады.
- Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі тиісті лауазымдық қызмет нұсқаулығымен анықталады.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Бөлім басшысы өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Жарнама туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрықтарын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімі мен мәслихатының шешімдері мен өкімдерін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы №144 қаулысымен бекітілген «Облыстық ономастика комиссиясы туралы ережені», басқарма басшысының бұйрықтарын, тапсырмаларын тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілерді және «Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін, регламентін, бөлімнің ережесін, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
- Ономастикалық объектілердің атауларын реттеу, объектілерді атау, қайта атау жөніндегі ұсыныстарға сараптама жасайды, атаулар беру жөніндегі ұсыныстар бойынша тиісті құжаттарды ресімдейді.
- Ономастикалық объектілер атауларын ретке келтіру мәселелері бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады.
- Облыс аумағында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, басқарманың стратегиялық бағыттары бойынша мақсаттар, міндеттер, тікелей нәтижелі көрсеткіштер мен іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
- Ономастикалық объектілердің атауларын реттеу, объектілерді атау, қайта атау жөніндегі жергілікті жерлерден түскен ұсыныстарға сараптама жасайды, жер-су, елді мекен, нысандарға атаулар беру жөніндегі ұсыныстар бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу жөніндегі жұмыстарды орындайды.
- Мүдделі органдарға бөлімнің негізгі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды және енгізеді.
- Тіл туралы заңдылықтардың орындалуына тексерулер жүргізіп, ұсыным береді.
- БАҚ-да мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы мен насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, материалдар жариялайды.
- Бөлімнің негізгі мәселелері бойынша жоғары органдарға ақпарат дайындайды, мүдделі органдармен ведомствоаралық байланыс орнатады.
- Бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды, жүйелейді.
- Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде және аудандық атқарушы органдарда ҚР Тіл туралы заңдарының сақталуын бақылайды.
- Осы қызметтік нұсқаулықта қарастырылған міндеттерін орындамағаны (тиісті дәрежеде орындамағаны) үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңдары шегінде.
- Өзіне берілген құқық пен өкілеттігі шегінде өз міндеттерін сапалы және уақтылы орындамағандығы үшін, мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін, мемлекеттік қызметте болуына байланысты қабылдаған шектеулерді бұзғаны үшін және өз қызметін жүзеге асыру барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдары белгілеген шектерде.
- Келтірген материалдық залалы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек, қылмыстық және азаматтық заңдары белгілеген шектерде жауап береді.
- Бөлім өзінің негізгі міндеттерін орындау және функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие:
- Осы ережеде көрсетілген міндеттерді жүзеге асырумен байланысты жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен бірлесіп іс-қимыл жасауға, өз лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті ақпараттар мен құжаттар алуға;
- Бөлім басшысының өз лауазымдық міндеттерін орындауға және құқықтарын жүзеге асыруға байланысты көмек көрсетуді талап етуге.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Функционалдық міндеттерін бұлжытпай орындау;
- Бөлім қызметкерлерінің атқарушылық тәртібіне;
- Материалдық-техникалық ресурстардың тиімді пайдалануына;
- Жұмыс жоспарлары мен өңірлік бағдарламаның орындалуына;
- Басшылыққа тапсырылатын ақпараттардың, т.б. құжаттардың дұрыстығына;
- Азаматтармен қарым-қатынаста қарапайымдылық пен кішіпейілділікті сақтауға;
- Қазақстан Республикасы Заңдарын, мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау, өз қызметін атқару барысында алған ақпаратты таратпауға жауапты.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимыл жасауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы тиісті органдарды хабардар етуге;
- Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдауға міндетті.
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп Кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi)» талаптарын сақтайды.