Тілдерді дамыту бөлімінің ережесі

                                                                                                 БЕКІТЕМІН                                                                                       

Түркістан облысы мәдениет  басқармасы басшысы

           _________Ә. Қойлыбаев   

           2021 жылғы «___» __________

 

 

Түркістан облысы мәдениет басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Тілдерді дамыту бөлімі «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және Басқарма басшысына бағынады.
  2. Тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім:

1) бөлім басшысынан;

2) екі бас маманнан тұрады.

Бөлім персоналын функционалды басқару мен сызықтық басшылықты бөлім басшысы жүзеге асырады.

  1. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі тиісті лауазымдық қызмет нұсқаулығымен анықталады.

 

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 

  1. Бөлім өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы              23 қарашадағы «Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрықтарын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімі мен мәслихатының шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, тапсырмаларын тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілерді және «Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін, бөлімнің ережесін, сондай-ақ осы  лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
  2. Басқарма басшысының, орынбасарының тапсырмаларын орындау;
  3. Тілдерді оқыту орталығының жұмысын қадағалайды.

-Мемлекеттік және халыққа қызмет көрсету саласы қызметшілеріне, жеке адамдарға «Қазтест» жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға шаралар ұйымдастырады, талдау жасайды, бақылауда ұстайды.

  1. Тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың облыста іске асырылуын қамтамасыз етеді.
  2. Облыс аумағында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, басқарманың стратегиялық бағыттары бойынша мақсаттар, міндеттер, тікелей нәтижелі көрсеткіштер мен іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Тілдерді оқыту орталығының жұмысын қадағалайды.
  4. Мемлекеттік және халыққа қызмет көрсету саласы қызметшілеріне, жеке адамдарға «Қазтест» жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға шаралар ұйымдастырады, талдау жасайды, бақылауда ұстайды.
  5. Мүдделі органдарға бөлімнің негізгі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды және енгізеді.
  6. Тіл туралы заңдылықтардың орындалуына тексерулер жүргізіп, ұсыным береді.
  7. БАҚ-да мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы мен насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, материалдар жариялайды.
  8. Тілдерді дамыту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастырады.
  9. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға байланысты талдау, сараптау жұмыстарын жүргізеді.
  10. Бөлімнің негізгі мәселелері бойынша жоғары органдарға ақпарат дайындайды, мүдделі органдармен ведомствоаралық байланыс орнатады.
  11. Бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды, жүйелейді.
  12. Облыста қалыптасып отырған тілдік ахуалды зерделеу мақсатында әлеуметтік зерттеудің жүргізілуін қадағалап, талдау жасайды.
  13. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде және аудандық атқарушы органдарда ҚР Тіл туралы заңдарының сақталуын бақылайды.
  14. Облыста мемлекеттік тілді, ұлттық тілдерді дамыту және шет ел тілдерін оқып-үйренудің жағдайына мониторинг жүргізуді үйлестіреді.
  15. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
  16. Бөлім өзінің негізгі міндеттерін орындау және функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие:
  17. Осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді жүзеге асырумен байланысты жұмыстарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  18. Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен бірлесіп іс-қимыл жасауға, өз лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті ақпараттар мен құжаттар алуға;
  19. Басқарма басшылығынан өз лауазымдық міндеттерін орындауға және құқықтарын жүзеге асыруға  байланысты көмек көрсетуді  талап етуге.
  20. Бағынысты қызметкерлерге қатысты нұсқаулар беруге және олардың орындалуын қадағалауға.

 

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  1. Осы қызметтік нұсқаулықта қарастырылған міндеттерін орындамағаны (тиісті дәрежеде орындамағаны) үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңдары шегінде.
  2. Өзіне берілген құқық пен өкілеттігі шегінде өз міндеттерін сапалы және уақтылы орындамағандығы үшін, мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін, мемлекеттік қызметте болуына байланысты қабылдаған шектеулерді бұзғаны үшін және өз қызметін жүзеге асыру барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдары белгілеген шектерде.
  3. Келтірген материалдық залалы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек, қылмыстық және азаматтық заңдары белгілеген шектерде жауап береді.

 

Дата публикации
27 июля 2021