Тілдерді дамыту бөлімінің ережесі

        Жалпы ережелер

 

  1. Тілдерді дамыту бөлімі «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және Басқарма басшысына бағынады.
  2. Тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім:

1) бөлім басшысынан;

2) екі бас маманнан тұрады.

Бөлім персоналын функционалды басқару мен сызықтық басшылықты бөлім басшысы жүзеге асырады.

  1. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі тиісті лауазымдық қызмет нұсқаулығымен анықталады.

 

Дата публикации
26 июля 2021