Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы

Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы

 

  «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы         4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы                 26 желтоқсандағы және 2021 жылғы 27 сәуірдегі қорытындылары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Түркістан облысының төмендегі жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:

Жетісай ауданы бойынша:

Атамекен ауылдық округінің 40 лет Победы елді мекені Баянды  елді мекені болып;

Қазыбек би ауылдық округінің Карл Маркс елді мекені Таубай ата  елді мекені болып;

Қызылқұм ауылдық округінің Первомайское елді мекені Алтынкөл  елді мекені болып;

Қызылқұм ауылдық округінің Киров елді мекені Ақбұлақ  елді мекені болып;

Мақталы ауылдық округінің Чехов елді мекені Жетісу  елді мекені болып;

Келес ауданы бойынша:

           Ақтөбе ауылдық округінің  М.Горький  елді  мекені  Кеңдала  елді мекені болып;

Ақтөбе ауылдық округінің Қызыләскер елді мекені Лесбек батыр елді мекені болып;

Ошақты ауылдық округінің Орджиникидзе елді мекені Сәмбет Саттаров елді мекені болып;

Біртілек ауылдық округінің Димитрово елді мекені Ораз ата елді мекені болып;

Біртілек ауылдық округінің Әзербайжан елді мекені Көлтоған елді мекені болып;

Алпамыс батыр ауылдық округінің Ленинжолы елді мекені Ақжол елді мекені болып;

Қошқарата ауылдық округінің Первое мая елді мекені 1 Мамыр елді мекені болып;

Бірлік ауылдық округінің Коммунизм елді мекені Ащысай елді мекені болып қайта аталсын.

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бірлескен қаулы мен шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі    

                           Ө. Шөкеев

                  Облыстық мәслихат

                  сессиясының төрағасы

                                       А. Орман

 

 

                   Облыстық мәслихат

                   хатшысы

                                       Қ. Балабиев          

 

А.Ш.Жетпісбай

Ә.Е.Тұрғымбеков

С.А.Қалқаманов

М.И.Мырзалиев

А.С.Сабитов

Ұ.Қ.Тәжібаев

Қ.Ә.Қайыпбек

А.Б.Тасыбаев

 

 «Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы «___»____________ №____ қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы «___»____________ №____ шешіміне

Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы
Дата публикации
24 мая 2021