Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының
ХАТТАМАСЫ
Түркістан қаласы 2021 жылғы 3 ақпан Төрағалық еткен: А.Салимов - облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Қатысқандар: облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы, облыс әкімдігінің мүшесі А.Абдуллаев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев (тізімі қоса тіркеледі).
Отырыс төрағасы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына 43 мүшесі қатысып, 1 мүшесінің себепті жағдаймен келе алмағандығын хабарлады.
Отырысты ашу жөнінде бірауыздан шешім қабылданды.
Күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Түркістан облысының құрамында құрылатын жаңа ауданға атау беру туралы ұсынысты енгізу туралы мәселе енгізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы, облыс әкімдігінің мүшесі А.Абдуллаев баяндама жасады (баяндама қоса тіркеледі).
Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:
|
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
|
|
А.Салимов |
|
Облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
|
|
Р.Шерімов |
|
Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
|
|
А.Орман |
|
Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
|
|
Ө.Мелдеханов |
|
Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
|
|
Н.Әбішов |