Түркістан облысы құрылыс басқармасының әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімі (әрі қарай - Бөлім) Түркістан облысы құрылыс басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын Түркістан облысы құрылыс басқармасы туралы ережені, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы және штат саны Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.