Түркістан облысының құрылыс басқармасының қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі (әрі қарай - бөлім) Түркістан облысының құрылыс басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның депуттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», « «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Бюджет Кодекстерін, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бұйрықтары мен тапсырмаларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, Түркістан облысының құрылыс басқармасы туралы ережені, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы және штат саны Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.