"Түркістан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 27 мамырдағы № 117 қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Облыс әкімі |
Н. Көшеров |
|
|
|
Түркістан облысы әкімдігінің |
|
"Түркістан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) құқықтары:
мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;
техникалық қадағалау қызметін бақылауға;
сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2) Міндеттері:
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге;
объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;
техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;
мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға;
техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге;
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етуге;
техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;
объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жіберуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
1) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
2) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
3) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
4) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
6) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
8) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
9) халықаралық және республикалық деңгейлердегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;
10) білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына бекітілген қолданыстағы құрылыстарға, ғимараттарға, үйлерге күрделі жөндеуді (реконструкциялауды) жүргізу.
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді және басқарманың мемлекеттік мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;
2) заңнамада белгіленген тәртіп шегінде және жағдайларда басқарманың мүлігіне иелік етеді;
3) басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
4) келісімшарттар жасасады, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен, сенімхаттар береді, басқарманың іссапарлар мен тағылымдамалар, қызметкерлерінің оқу орталықтарында білім алу және өзге де біліктілігін арттыру түрлері бойынша жұмыс тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
7) банк шоттарын ашады, басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, мемлекеттік қызмет туралы, еңбек қатынастары заңнамаларына сәйкес, басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік шара қолданады, өз орынбасарларының және басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
9) сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
10) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
11) заңнамамен, осы ережемен және облыс әкімдігімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
12) сенімхаттар береді;
13) басқарманың жұмыс жоспарын бекітеді;
14) басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
15) басқарманың Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
16) басқарма басшысы болмаған кезеңде
оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
5-тарау. Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК