Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Мемлекеттік орган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер хештегтер |
|
1 |
Түркістан облысы құрылыс басқармасы |
Көп қабатты тұрғын үйдің меншiк иелерiне тұрғын үйдің сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтауға бағытталған қандай міндеттер кіреді? |
«Меншiк иелерiне объектiлердi пайдалану кезiнде олардың қауiпсiздiгiн және тиісінше сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай міндеттер: Объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жобалау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, түрлендіру және кейін кәдеге жарату, сондай-ақ объектінің сәулеттік келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегi жұмыстарды тек рұқсат ету рәсiмдерiненө тудiң заңдарда белгiленген тәртiбiне, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру.
|
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 69-4-бабына сәйкес, «Меншiк иелерiне объектiлердi пайдалану кезiнде олардың қауiпсiздiгiн және тиісінше сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай міндеттер: 1) Объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жобалау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, түрлендіру және кейін кәдеге жарату, сондай-ақ объектінің сәулеттік келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегi жұмыстарды тек рұқсат ету рәсiмдерiненө тудiң заңдарда белгiленген тәртiбiне, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру; 2) Пайдаланушылардың (жалдаушылардың, жалға алушылардың) объектiнi қиратуына және (немесе) бүлдiруiне жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану; 3) Объектiнi кейiн кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру жүктеледi»; 72-бабына сәйкес, «Пайдаланушыларға (жалдаушыларға, жалға алушыларға) объектiлердi пайдалану кезiнде олардың тиiсiнше сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi сипаттамаларын сақтауға бағытталған мынадай мiндеттер: 1) Тұтас алғанда объектiнi не оның жалға алынған бөлiгiн пайдалану жөнiнде оларды заңдарда белгiленген ережелерге (тәртiпке, нұсқаулықтарға) не жалдау (жалға алу) шартының талаптарына сәйкес пайдалану; 2) Жалдау (жалға алу) шартының талаптары бойынша пайдаланушыға (жалдаушыға, жалға алушыға) жүктелген күтiп ұстау мен жөндеу жөнiндегi жұмыстарды уақтылы және тиiсiнше жүзеге асыру; 3) Объектiнi қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникамен қайта жарақтау, түрлендiру, жаңғырту, сондай-ақ объектiнiң сәулеттiк келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөнiндегi жұмыстарды тек меншік иесінің келісімімен және құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру; 4) Меншiк иесiн объектiнi пайдалану кезiнде болған оның сипаттамасындағы өзгерiстер немесе техникалық авариялар туралы хабардар ету жүктеледi». Көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда және төменде көрсетілген жағдайларда, көппәтерлі тұрғын үйлерге мердігер тарапынан кепілдік мерзімі ұсынылмайды және/немесе тоқтатылады. Атап айтқанда: - Тұрғындардың немесе үшінші тұлғаралдың іс-әрекеттерімен келтірілген залал/бұзылымдар; - Көппәтерлі тұрғын үйдегі инженерлік жабдықтардың және құралдардың қалыпты тозуы; Көппәтерлі тұрғын үйдегі инженерлік жабдықтарды және құралдарды ұқыпсыз пайдалануы. |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы |
Тұрғындар пәтер иелерінің кооперативінің (КСК), басқару нысанын мүлік иселерінің бірлестігі (ОСИ), қарапайым серіктестігін (ПТ) |
|
2 |
|
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама
|
elicense.kz веб-порталы арқылы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны жайлы хабарламасына ұсынылатын құжаттардың дұрыс болмауынан
|
Нысан құрылысына бюджет есебінен қаржы қаралып, мердігер, инжинирингтік қызмет көрсетуші және авторлық қадағалаушы мекемелер мен тапсырыс беруші (Түркістан облысының құрылыс басқармасы) арасында түзілген келісім шарттан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін жергілікті мемлекеттік-сәулет құрылыс бақылауы жөніндегі басқармасына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» № 4 бұйрығы негізінде elicense.kz веб-порталы арқылы жіберіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» № 4 бұйрығы
|
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама
|
|
3 |
|
Құрылыс алаңын уақытша қоршау туралы
|
Нысанның уақытша қоршауы техникалардың кіріп-шығуына, құрылыс алаңында жұмыс жасауына және де т.б. себептерге байланысты уақытша алынуы мүмкін.
|
ҚР ҚН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру және ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалау-сметалық құжаттама негізінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін нысанның уақытша қоршауы жасалынады.
|
ҚР ҚН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру
|
Келісім-шарт негізінде ескерту беріліп, айыппұл салу шаралары көріледі. Өсімпұл 0,1%
|
|
4 |
|
Құрылыс жұмыстарында жобадан ауытқу және өндірістік жұмыс жүргізу кестесінен кешігу
|
Жобадан ауытқу және құрылыс мерзімінен кешігу құрылыс материалдарының сатылымда болмауы немесе өндірілуі тоқтатылған болуы, ауа-райына байланысты форс-мажор жағдайлар.
|
Тапсырыс беруші мен мердігер арасында түзілген келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес Жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігер міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда Мердігерден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады) немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 % артық болмауы тиіс.
|
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) №409 Кодексіне сәйкес айыппұлды сотқа талап қою арқылы төлетуге болады.
|
Өсімпұл 0,1%
|