Құрылыс басқармасының 2024 жылы 11 айда
атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
2024 жылы құрылыс басқармасы әкімшісі болып табылатын, барлық бюджет көздері есебінен құрылысына 246 млрд. теңге бөлінген (РБ – 10,8 млрд.тг., ҰҚ - 120,4 млрд.тг., Резерв - 8,9 млрд.тг., Кредит – 42,4 млрд.тг., ОБ – 63,5 млрд.тг,).
- білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңға 10 мектеп пайдалануға тапсырылды. Жыл соңына дейін 4 нысанның құрылысы аяқталады 7 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі;
Cонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 3 мектептің (Түркістан қаласы 2000 орындық, Сауран ауданы, Енбекші Дихан 600 орындық, Шардара ауданы 1200 орындық) құрылысы аяқталған. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін 10 мектептің құрылысы аяқталуы тиіс. 16 мектеп құрылысы 2025 жылға өтпелі;
- денсаулық сақтау саласында 52 нысан құрылысы жоспарланған. Оның ішінде:
- Облыстық бюджет есебінен 4 нысан. Бүгінгі таңда 3 дәрігерлік амбулатория тапсырылды, 1 нысан 2025 жылға өтпелі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес нысандар жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Бүгінгі таңда, 9 нысанның құрылысы аяқталды. Желтоқсанда тапсырылатын 39 нысанның құрылысы 85%-ға орындалды.
- әкімшілік ғимараттары бойынша 8 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда, 5 нысан тапсырылды, жыл соңына дейін 2 нысан аяқталады. 1 нысан 2025 жылға өтпелі;
- мәдениет саласы бойынша 12 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда, 4 нысан тапсырылды, 8 нысан 2025 жылға өтпелі;
- инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру бойынша жалпы 39 нысанның құрылысы жүргізілген, жыл қорытындысымен 5 нысан тапсырылды. Жыл соңына дейін 442,7 га аумақты құрайтын 13 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 1908,8 га жер телімді құрайтын 21 нысан 2025 жылға өтпелі
- спорт және туризм саласында 22 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 3 нысан тапсырылды. Жыл соңына дейін 7 нысан аяқтау жоспарланған, 12 нысан 2025 жылға өтпелі ;
- әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу 1 нысан, 2025 жылға өтпелі;
- ауыл шаруашылығы саласында 7 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 1 нысан тапсырылды (Кентау қ. Қосқорған су қоймасын су төмендету жүйесін салу), 6 нысан 2025 жылға өтпелі;
- тұрғын үйлер бойынша 35 нысан құрылысы жүргізіліп, 2024 жылы көпқабатты 4 үй тапсырылған, 2 үй жыл соңына дейін тапсырылады , қалған 29 нысан 2025 жылға өтпелі.
Тұрғын үй құрылысы
Түркістан облысы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылдың жоспары 1167,2 мың ш.м болып белгіленген.
2024 жыл 10 айдың қорытындысымен 844,7 мың ш.м. орындалып, (4490 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,8% ұлғайды.
Атап айтқанда: Түркістан қаласында көппәтерлі тұрғын үй 190 пәтер (20 қабатты 1 үй 14,1 мың ш.м.) жеке салушылар арқылы 1017 пәтер (22 көпқабатты үй 96,7 мың ш.м.) және
3,1 мын ш.м. 32 пәтер (Түркістан қ. жеке салушы) құрайтын жатақхана пайдалануға тапсырылды.
Қазығұрт, Арыс, Мақтаарал аудандарында арендалық 6,4 мың шаршы метрді құрайтын көп қабатты және бір қабатты үй (86 пәтер) пайдалануға тапсырылды.
Жеке салушылар халық есебінен (ИЖС) 3205 пәтер
719,3 мың ш.м.
«Құрылыс көлемінің нақты индексі бойынша» 2024 жыл 10 айдың қорытындысымен 343,3 млрд.тенге (131,4%) орындалды
(жылдық жоспар 441,1 млрд.теңге).