Түркістан облысының құрылыс басқармасында 2021жылдың
3 айында атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шаралардың ішкі талдауы
Түркістан қ. 03.03.2021
Облыстық құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққаи қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауды басқарма басшысының 2018 жылғы 03 қазандағы №147-н/қ бұйрығы негізінде жүргізілді.
Мемлекеттік орган ержесіне сәйкес, басқарма қызметіне және оған байланысты нормативті-құқықтық актілерге талдау жүргізілді. (Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII «Азаматтық» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V ЗРК «Азаматтық процессуалдық» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ЗРК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы).
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2020 жылғы іс-шара жоспары бойынша:
Басқарма бюджеттік инвестициялық жобалар құрылысын іске асыру кезінде орындалған жұмыс көлемін қабылдау барысында мемлекеттік қызметкерлерге сыбайластық тәуекелділік жоғары. Себебі, мердігер мекемелер тарапынан орындалмаған келісімшарт талаптарындағы міндеттемелерінің орындалуын жасыру үшін сыбайластық іс-әрекеттерге барады. Осындай жағдайларды тоқтату мақсатында, облыс әкімінің бірінші орынбасары және басқарма басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында тұрақты түрде апта сайын құрылыс нысандарының ШТАБ отырысы өткізілуде.
Облыстағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда онлайн режимде бақылау жүргізу мақсатында «Онлайн карта» жүйесі енгізілген.
Онлайн-мониторинг келесіні қамтиды:
- нысанның орналасқан мекен-жайы;
- ЖСҚ-ның электрондық нұсқасы;
- нысанның өндірістік кестесі;
- нысанның төлқұжаты;
-орындаушы-техникалық құжаттары тиісті тапсырысшы, авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелермен электронды толтырылуы;
- бақылаушы мекемелердің зерделеп, ұсыныс енгізу мүмкіндіктері;
- орындалған жұмыстардың көлемдерін бақылау мүмкіндігі;
- фото және видео материалдармен жинағы;
-қолданылған құрылыс материалдарының сертификаттары мен сынақ құжаттары;
- нысанға мониторинг жүргізу;
- нысанды пайдалануға қабылдау актісі.
«Онлайн карта» жүйесін енгізу, құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда онлайн режимде басқарма және тұрғындар тарапынан құрылыс барысына тиісті бақылау жүргізуге қол жеткізілді. «Онлайн карта» жүйесін tue.str.geonomix.kz сілтеме арқылы қарауға болады.
Басқармада мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында әлеуетті өнім беруші тарапынан қарым-қатынас іс-әрекеттері туындау мүмкіндігі жоғары болуына байланысты сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі туындайды. Осындай іс-әрекеттерді алдын алу мақсатында арнайы біріңғай конкурс ұйымдастырушы мекеме құрылған.
Басқарма тарапынан, мемлекеттік сатып алу конкурстарына арнайы құрылған облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына бюджеттік инвестициялық жобалардың конкурсын өткізуге өтінімдер берілуде.
Басқармада Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптары сақталуда. Заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлер жоқ.
Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарымен және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулермен таныстырылған. Шектеулердің сақталуы үнемі бақылауда тұрады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу бойынша комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы бойынша тексерілді. Басқарма атына жалпы жеке (8) және заңды (24) тұлғалардан келген өтініштер өз мерзімінде қаралып, барлық өтініштер оң шешілген. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететіні анықталмады.
Басқарма басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке мәселелермен қабылдау күндерінің кестесі бекітілген және сол кестеге сәйкес қабылдау жүргізу 3 карточкамен рәсімделеді.
Басқарма ғимаратында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің» мәтіні және көрнекі түрде «Азаматтардың арыз-шағымдарын қалдыруға арналған жәшік» орнатылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайыңдалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқандығы үнемі айтылып, басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне таныстыру парақтары толтырылады.
Басқарма басшысы және орынбасарларының төрағалығымен әр екі аптаның дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін ұстану және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар мен олар туралы жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу жұмыстарын аса назарға алу тапсырылып, хаттама толтырылып, барлық қызметкерлермен таныстырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе, ағымдағы жылы басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, құқықтық мәдениетті көтеру жұмыстарына бағытталған мәжілістер тұрақты өткізілуде.
Түркістан облысының құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау тұрақты бақылауда.
Басқармада дискредитациялық уәкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар болмады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Облыс аумағында короновирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қою мақсатындағы іс-шараларға қатысты жарияланған карантиннің талаптарын қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар апта сайынғы жиналыстарда басқарманың барлық қызметкерлеріне ескертілуде.
Заң қызметі және
мемлекеттік сатып алу
бөлімінің басшысы Д.Оңласынов
Заң қызметі және
мемлекеттік сатып алу
бөлімінің бас маманы И.Срайылов