Хабарландыру
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады
Тақырыбы: «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту».
БЖЗҚ 2022 жылдың 29 қыркүйегінде онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.
Іс-шараның мақсаты:
- ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;
- ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.
Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.
Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер береді.
Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 29 қыркүйекте сағат 11:00де және 15:00-де онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Конференция идентификаторы: 862 4726 4617 және кіру коды: 1234
Конференция идентификаторы: 885 7650 0118 және кіру коды: 1234
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы ұялы телефон арқылы камераны QR кодқа бағыттап, нәтижесінде көрсетілген сілтемеге өтуі қажет.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!