Түркістан облысы құрылыс басқармасында жүргізілген ішкі талдау

Түркістан облысы құрылыс басқармасында жүргізілген ішкі талдау

АНЫҚТАМАСЫ

Түркістан қаласы                                                                          08 маусым 2022 жыл

Облыстық құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы                    іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққаи қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауды басқарма басшысының 2018 жылғы 03 қазандағы №1-181ө-ж/қ бұйрығы негізінде жүргізілді.

1) нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма бюджеттік инвестициялық жобалар құрылысын іске асыру кезінде орындалған жұмыс көлемін қабылдау барысында мемлекеттік қызметкерлерге сыбайластық тәуекелділік жоғары. Себебі, мердігер мекемелер тарапынан орындалмаған келісімшарт талаптарындағы міндеттемелерінің орындалуын жасыру үшін сыбайластық іс-әрекеттерге барады. Осындай жағдайларды тоқтату мақсатында, облыс әкімінің бірінші орынбасары және басқарма басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында тұрақты түрде апта сайын құрылыс нысандарының  ШТАБ отырысы өткізілуде.

Облыстағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда онлайн режимде бақылау жүргізу мақсатында «Онлайн карта» жүйесі енгізілген.    

Онлайн-мониторинг келесіні қамтиды:

- нысанның орналасқан мекен-жайы;

- ЖСҚ-ның электрондық нұсқасы;

- нысанның өндірістік кестесі;

- нысанның төлқұжаты;

-орындаушы-техникалық құжаттары тиісті тапсырысшы, авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелермен электронды толтырылуы;

- бақылаушы мекемелердің зерделеп, ұсыныс енгізу мүмкіндіктері;

- орындалған жұмыстардың көлемдерін бақылау мүмкіндігі;

- фото және видео материалдармен жинағы;

-қолданылған құрылыс материалдарының сертификаттары мен сынақ құжаттары;

- нысанға мониторинг жүргізу;

- нысанды пайдалануға қабылдау актісі.

 Қызметкерлерді басқару, оның ішінде кадрлардың алмасуы:

«Онлайн карта» жүйесін енгізу, құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда онлайн режимде басқарма және тұрғындар тарапынан құрылыс барысына тиісті бақылау жүргізуге қол жеткізілді. «Онлайн карта» жүйесін tue.str.geonomix.kz сілтеме арқылы қарауға болады.

Басқармада мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында әлеуетті өнім беруші тарапынан қарым-қатынас іс-әрекеттері туындау мүмкіндігі жоғары болуына байланысты сыбайлас жемқорлықтың   тәуекелі туындайды. Осындай іс-әрекеттерді алдын алу мақсатында арнайы біріңғай конкурс ұйымдастырушы мекеме құрылған.

Басқарма тарапынан, мемлекеттік сатып алу конкурстарына арнайы құрылған облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына бюджеттік инвестициялық жобалардың конкурсын өткізуге  өтінімдер берілуде. 

Басқармада Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптары сақталуда. Заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлер жоқ.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарымен және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулермен таныстырылған. Шектеулердің сақталуы үнемі бақылауда тұрады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу бойынша комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы бойынша тексерілді. Басқарма атына жалпы жеке (50) және заңды (6) тұлғалардан келген өтініштер өз мерзімінде қаралып, барлық өтініштер оң шешілген. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететіні анықталмады.

Басқарма басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке мәселелермен қабылдау күндерінің кестесі бекітілген және сол кестеге сәйкес қабылдау жүргізу  3 карточкамен рәсімделеді.

Басқарма ғимаратында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің» мәтіні және көрнекі түрде «Азаматтардың арыз-шағымдарын қалдыруға арналған жәшік» орнатылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайыңдалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқандығы үнемі айтылып,  басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне таныстыру парақтары толтырылады.

Басқарма басшысы және орынбасарларының төрағалығымен әр екі аптаның дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің негізгі принциптерін ұстану және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар мен олар туралы жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлық  көріністерін алдын-алу жұмыстарын аса назарға алу тапсырылып, хаттама толтырылып, барлық қызметкерлермен таныстырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе, ағымдағы жылы басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, құқықтық мәдениетті көтеру жұмыстарына бағытталған мәжілістер тұрақты өткізілуде.

Түркістан облысының құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау тұрақты бақылауда.

Басқармада дискредитациялық уәкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар болмады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Басқарма Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтарындағы №19 қаулысымен қайта тіркеуден өткен  ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес қызмет атқаруда.

Басқарманың штаттық құрылымы Түркістан облысы әкімдігінің «Жергілікті атқарушы органдардың штат санынын лимиттерін бекіту туралы»  2021 жылғы 1 қазан айының  № 2015 қаулысына (әрі қарай-Қаулы) сәйкес бекітіліп, 33 қызметкерден (басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары – 3 қызметкер,  бөлім басшысы – 5 қызметкер, бас маман – 26 қызметкер, бас маман (есепші) - 3 қызметкер, бас маман (кадр, құжатайналым) -1 қызметкер) және 5 бөлімнен құрылған;

- Инвестициялық жобалар және бюджеттік саясатты қалыптастыру бөлімі

- Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бөлімі

- Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту бөлімі

- Бюджеттік инвестициялық жобалар жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету бөлімі;

- Жобалау-техникалық бөлімі

Нақты жұмыс атқарып жатқан 30 қызметкер, 3 тұрақты жұмыс орындары және                        3 уақытша жұмыс орындары вакантты.

         2021 жылы басқармамен қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәлімет ;

өтініштер – 152

шағымдар – 125

басқада өтініштер – 27  

Оның ішінде;

басқа органға жолданды - 10

         2022 жылдың өткен мерзімінде басқармамен қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәлімет ;

өтініштер – 107

шағымдар – 61

басқада өтініштер – 46

Оның ішінде;

 

басқа органға жолданды - 15

         Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының 126 тармағына бойынша, Қазақстан Республикасы ҚСжАЕК «Ақпараттық қызмет» жүйесінде түзілген ақпаратқа сәйкес бөлімнін қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталмады.

         Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Сіздің көзқарасыңызбен Сіз жұмыс істейтін мекемеде сыбайлас жемқорлық деңгейін 10 балдық шкала бойынша бағалаңыз, онда 0-сыбайлас жемқорлық жоқ, 10-толық жемқорлық (2021-2022 жылдар бойынша)

0 - 30 қызметкердің жауабы

  1. Cоңғы 12 айда сыбайлас жемқорлық көріністеріне кезіктіңіз бе ? 

Жоқ - 30 қызметкердің жауабы

  1. Сіздің ойыңызша сыбайлас жемқорлықтың қазіргі деңгейі қандай ? 

Әуелгі қалпында - 30 қызметкердің жауабы

  1. Сіздің ойыңызша, қай құрылымда лауазымды адамдар арасында сыбайлас жемқорлық көріністері жиі кездеседі ? 

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласы - 30 қызметкердің жауабы

Білім беру саласы - 30 қызметкердің жауабы

Құқық қорғау органдары - 30 қызметкердің жауабы

Халыққа қызмет көрсету орталықтары - 30 қызметкердің жауабы

Жер қатынастары – 30 қызметкердің жауабы

  1. Сіздің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасыңыз ? 

Бұл өте ауыр жаза қарастырылған ауыр қылмыс - 30 қызметкердің жауабы

Бұл құбылыс мемлекеттік аппаратты және мемлекеттің конституциялық    негіздерін бұзады, сондықтан оған қарсы тұру керек – 30 қызметкердің жауабы

  1. Сіздің ойыңызша, қай бөлімде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністері жиі кездеседі? 

Сыбайлас жемқорлық көріністерін кездестірген емеспін - 16 қызметкердің жауабы

  1. Сіздің мемлекеттік қызметте жұмыс істеу уақытыңыз ?

5 жылдан кем - 15 қызметкердің жауабы 

5 жылдан артық - 10 қызметкердің жауабы

10 жылдан астам - 5 қызметкердің жауабы

  1. Сіз жұмыс атқару кезінде пара алғаңсыз ба ?

Жоқ - 30 қызметкердің жауабы

  1. Сіз жұмысыңызды атқару кезінде сізге пара ұсынған ба?

Жоқ - 30 қызметкердің жауабы

  1. 10. Сіз пара ұсынғансыз ба?

Жоқ - 30 қызметкердің жауабы

         Басқармада жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде төмендегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

         Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне өтінімдерін қарау кезінде конкурстық комиссияның мүшелері:

         - Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соққан шешім қабылдау;

         - Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдау;

Басқармадағы қызметкерлермен 2020-2022 жылдары аралығында іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң  талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде 25 , Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі Мемлекет Басшысының 2019 жылғы         2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы тақырыбында жиналыс өткізілді және  2016 жылдың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі.

Басқармада сенім жәшігі орнатылған, жауаптылық әкімшілік бөлімнің бас маманы  Г.Шадирбековаға жүктелген.

Сонымен қатар, Басқарманың «Жеке қабылдау кестесін бекіту туралы»  2022 жылғы 9 ақпандағы №163 бұйрығына сәйкес, басқарма басшысы мен орынбасарлары айына кемінде бір рет жеке азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде басқарманың қызметкерлерін бекітілген кестеге сай қабылдау жүргізу айқындалған. 

Жоғарыда анықталғандарды қорыта келе ішкі талдау қорытындысымен Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасына жұмыс тобымен төмендегілер ұсынылады:

- Басқарманың бұйрықтары мен басқа іс қағаздарын ҚР Үкіметінің 31.10.2018 жылғы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары мен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 111 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарына» басшылыққа ала отырып, сәйкестендіруді;

- Талдамалық анықтаманы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына танысу және кемшіліктерді жою шараларын ұйымдастыру және атқару үшін ұсынуды.

         - Басқармаға жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, яғни конкурстық комиссия мүшелеріне, және құрылыс басына бекітілген мамандарға  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында семинар сабақтар және заң алдында жауапкершілігін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұру ұсынылады.      

Талдау жүргізу барысында іс қағаздарын рәсімдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Басқарма басшысының орынбасары,

жұмыс тобының жетекшісі                                                                   Ғ.Төлегенов

 

Басқарма басшысының орынбасары                                               С.Кеңесханұлы

                                 

Бюджеттік инвестициялық жобалар

мен жоспарларының орындалуын

қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                                                  Ш.Пірәлі

Тұрғын үй құрылысы және

инфрақұрылымдыдамыту бөлімінің

басшысы                                                                                                    Н.Магзумов

Бюджеттік инвестициялық жобаларды

жүзеге асыру бөлімінің басшысы                                                     А.Бейсенбаева

Инвестициялық жобалар және

бюджеттік саясатты қалыптастыру

бөлімінің басшысы                                                                                А.Мұсаев

Жобалау техникалық бөлімінің басшысы                                      Н.Нақбаев

Жұмыс тобының хатшысы                                                                 И.Срайылов

Түркістан облысы құрылыс басқармасында жүргізілген ішкі талдау
Дата публикации
10 июня 2022