Түркістан қаласын дамыту бойынша
Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес 24 нысанның құрылысы өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеріне бекітілген. Оның ішінде:
Әкімшілік-іскерлік орталықта 15 нысанның құрылысы жоспарланған, атап айтқанда, Облыс әкімдігінің ғимараты, Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, Медиа орталығы, Оқушылар сарайы, Стадион, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Бассейні бар спорт кешені, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, Музыкалық мектебі, Цифрлық кеңсе, Қалалық саябақ (аттракцион), Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Смарт сити» жобасы нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылы 4 нысан (Облыс әкімдігі, Музыкалық мектеп, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі) пайдалануға тапсырылды. Қалған 11 нысанды 2020 жылы қыркүйек айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Рухани-мәдени орталықта 9 нысанның құрылыс жұмыстары өндіріс кестеге сәйкес атқарылып, Ғылыми-әмбебап кітапхана, Қ. А. Яссауи мұражайы, Шығыс моншасы, Амфитеатр, Музыкалық су бұрқақ, Неке қию сарайы, Қазақ драма театры, Ұлы дала елі орталығы, Қабылдау орталығы, 2019 жылы 5 нысан (Шығыс моншасы, Амфитеатр, Музыкалық су бұрқақ, Қабылдау орталығы, Неке қию сарайы) пайдалануға берілді. Қалған 4 нысанды 2020 жылы қыркүйек айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
2020 жылға облыстың іріктелген бюджеттік инвестициялар тізбесінде құрылыс басқармасына 35,5 млрд.теңге қаралған (РБ-12,0 млрд.теңге, ОБ-23,5 млрд.теңге). Аталған қаржыларға 70 ЖСҚ әзірлеу, 117 инвестициялық жобаны (нысан) жүзеге асыру, оның ағымдағы жылы 81-і пайдалануға беру жоспарланса, 36 нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі болады.
Құрылыс монтаждау жұмыстары: білім беру саласында 47, денсаулық сақтау саласында 1, ішкі істер органы 2, жұмылдыру дайындығы мен төтенше жағдайлар 1, әкімшілік ғимараттар 3, тұрғын үй 25, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз 30, абаттандыру 1, қоршаған ортаны қорғау 2, мәдениет саласы 1 нысанда жүргізіледі.
2020 жылы Түркістан облысы үшін қаржыландырудың барлық көздері арқылы тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың ш.м., ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102% болып белгіленді.
Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес 2020 жылға өтпелі 15 нысанның құрылысы жүргізілуде, оларды наурыз-қыркүйек айларында пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Әкімшілік-іскерлік орталығында қалған 11 нысанның құрылысы пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтқанда: Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, Медиа-орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, Оқушылар сарайы, Стадион, Цифрлық кеңсе, Бассейні бар спорт кешені, Смарт сити байланыс желілері, Қалалық саябақ.
Сонымен қатар, Дендросаябақ, Бульвар, 900 орындық мектеп және 7 инженерлік инфрақұрылым нысандарының (су, кәріз, электр, газ, жылу, жол және абаттандыру) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Рухани-мәдени орталықта қалған 4 нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтқанда: Драма театры, Әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Яссауи мұражайы.
Сонымен қатар, «Ұлы Жібек жолы» қолөнер шеберлер орталығы, Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы (Арбат) және «Керуен сарай» комплексінің құрылысы жүргізілуде.
Одан бөлек, 3 қонақ үйдің («Rixos Turkestan» қонақ үйінде 120 стандарт 1 президенттік нөмір бар, «Hampton by Hilton» қонақ үйінде 120 стандарт, 2 президенттік нөмір бар, «Нұр-Әлем» қонақ үйінде 35 стандарт, 1 президенттік нөмір бар) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.