Plans

Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес 24 нысанның құрылысы өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеріне бекітілген. Оның ішінде:

Әкімшілік-іскерлік орталықта 15 нысанның құрылысы жоспарланған, атап айтқанда, Облыс әкімдігінің ғимараты, Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығы, Медиа орталығы, Оқушылар сарайы, Стадион, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Бассейні бар спорт кешені,  Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, Музыкалық мектебі,  Цифрлық кеңсе, Қалалық саябақ (аттракцион), Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Смарт сити» жобасы нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылы 4 нысан (Облыс әкімдігі,  Музыкалық мектеп, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі) пайдалануға тапсырылды. Қалған 11 нысанды 2020 жылы қыркүйек айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

 Рухани-мәдени орталықта 9 нысанның құрылыс жұмыстары өндіріс кестеге сәйкес атқарылып, Ғылыми-әмбебап кітапхана, Қ. А. Яссауи мұражайы, Шығыс моншасы,  Амфитеатр,  Музыкалық су бұрқақ, Неке қию сарайы,  Қазақ драма театры,  Ұлы дала елі орталығы, Қабылдау орталығы,  2019 жылы 5 нысан (Шығыс моншасы, Амфитеатр, Музыкалық су бұрқақ, Қабылдау орталығы, Неке қию сарайы) пайдалануға берілді. Қалған 4 нысанды 2020 жылы қыркүйек айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Дата публикации
21 апреля 2020