Түркістан облысы құрылыс басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама

Түркістан облысы құрылыс басқармасының

2020 жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама

  1. Бюджеттік инвестициалық жобалардың іске асырылуы

Түркістан облысының құрылыс басқармасымен 2020 жылы 235 бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылу жоспарланып 106 нысанның құрылысын аяқталып пайдалануға тапсырылды, қалған жобалар 2021 жылға өтпелі.

Атап айтқанда:

Мемлекеттік және ішкі істер органдары – 8 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылған, қалғаны 2021 жылға өтпелі.

Білім беру – 53 нысанның құрылысы жүргізілуде, 14 нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылған, қалғаны 2021 жылға өтпелі.

Денсаулық сақтау  бойынша – 3 нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылды.

Мәдениет саласы   бойынша – 3 нысанның құрылысы жүргізілуде, 1 нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылды, қалғаны 2021 жылға өтпелі.

Инженерлік инфрақұрылым және абаттандыру – 67 нысанның құрылысы жүргізілуде, 17 нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылып, қалғаны 2021 жылға өтпелі.

Тұрғын үй құрылысы бойынша - 83 жоба іске асырылуда, оның 32-сі 2020 жылы аяқталды, қалғаны 2021 жылға өтпелі.

Ауыл шаруашылығы нысандары – 4 нысанның құрылысы жүргізілуде 1нысан  2020 жылы аяқталды. Қалған нысандар 2021 жылға өтпелі.

Төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы  бойынша –       1 нысан пайдалануға тапсырылды.

Абаттандыру бойынша – 1 нысан 2021 жылға өтпелі.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша – 2 нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылды.

  1. Қаржының игерілуі

Құрылыс басқармасы бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсанына қаржыландыру жоспары 167 090,1 млн.теңге, нақты  орындалуы 167 065,1 млн.теңге,  немесе  100%, орындалмаған қаржы 24,5 млн.теңге.   

  1. Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының  іске асырылуы

Ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 595,7 мың шаршы метр. Ал құрылыс жұмыстары нақты көлемінің индексі 102% болып белгіленді.

2020 жылы қаңтар-желтоқсан айының қорытындысымен 735,5 мың  мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 18,6%-ға  артты.

 Қаңтар – желтоқсан айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары нақты көлем индексі 300,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 65,8%-ға  артты.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына  36,6 млрд.теңге бөлінді. (40 арендалық тұрғын үй құрылысына –  8,7 млрд.тг, 30 инженерлік инфрақұрылым нысанына – 3,5 млрд.теңге. 89 кредиттік тұрғын үйдің құрылысына – 24,2 млрд.тг.).

Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу

2020 жылы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз арендалық 40 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде (124,1 мың шаршы метр, 1778 пәтер). Оның ішінде, жыл қорытындысымен 17 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып,  (62,3 мың шаршы метр 914 пәтер), 15 тұрғын үй (58,0 мың ш.м, 794 пәтер) пайдалануға тапсырылды.     

Кентау қаласы – 10 үй (600 пәтер), Түлкібас – 1 үй (24 пәтер), Шардара – 2 үй (80 пәтер), Сарыағаш – 2 үй   (90 пәтер).

  • Көпбалалы отбасылар үшін ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға қаржыландыру жоспары  4 288,7 млн. теңге игерілгені – 100%.    
  • Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы  жылдың  1 желтоқсанға қаржыландыру жоспары – 2 610,1  млн. теңге, игерілгені – 100%.   

Әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді дамыту;  

2019-2020 жылдары  0,35 %-бен құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) 7 қабатты 48, 72 және 84 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 12 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды (660 пәтер, 47,5 мың ш.м.).  

Сонымен қатар, құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты  64 тұрғын (240,8 мың ш.м.,3987 пәтер) үйлердің құрылысын жүргізуге 4,25%-бен 14,2 млрд.теңге бөлінді, нысандар құрылысы 2021 жылға өтпелі.

  1. Түркістан қаласының дамуы туралы

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә Назарбаев 2018 жылғы 29 қыркүйектегі Түркістан қаласын дамыту туралы өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеріне 25 нысанның құрылысын іске асыруды бекіткен, олар, Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік (ӘІО) орталығында 14 нысан,  тәрихи-мәдени орталықта (РМО) 9 нысан, «Әзірет Сұлтан» тарихи мәдени қорығы аймағында 2 нысан.

І. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 14 нысанның құрылысы толық аяқталды, олар:

2019 жылы 4 нысан пайдалануға тапсырылды.

  • облыс әкімдігінің ғимараты (BI Group);
  • халыққа қызмет көрсету орталығы (Павлодар облысы);
  • музыкалық мектебі (БҚО);
  • олимпиадалық резервке арналған спорт мектебі (СҚО);

2020 жылы 10 нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды:

  • басқармалар ғимараты (BI Group);
  • департаменттер ғимараты (BI Group);
  • медиа орталығы (Алматы қаласы);
  • Нұр-Сұлтан алаңы (Нұр-Сұлтан қаласы);
  • оқушылар сарайы (Самұрық-Қазына АҚ);
  • 7000 орындық стадион (Самұрық-Қазына АҚ);
  • конгресс орталығы (Самұрық-Қазына АҚ);
  • цифрлық кеңсе (Самұрық-Қазына АҚ);
  • бассейні бар спорт кешені (Самұрық-Қазына АҚ);
  • қалалық саябақ (Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары).

ІІ. Рухани-мәдени орталықта 9 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып, оның ішінде:

2019 жылы 5 нысан пайдалануға тапсырылды.

  • музыкалық су бұрқақ (ШҚО);
  • қабылдау орталығы (Жамбыл облысы);
  • шығыс моншасы (Қызылорда облысы);
  • амфитеатр (Маңғыстау облысы);
  • неке сарайы (Қостанай облысы);

2020 жылы 2 нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

  • Қ.А.Яссауи мұражайы (Самұрық-Қазына АҚ);
  • Ұлы дала елі орталығы (BI Group, Атырау облысы);

Қалған 2 нысан құрылысын 2021 жылы пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Олар:

  • әмбебап кітапхана (Шымкент қаласы);
  • Драматеатр (Ақтөбе облысы, Түркістан облысы);

Бұдан бөлек, «Әзірет Сұлтан» қорығының айналасын абаттандыру (1-кезек) жұмыстары жүргізілуде, 2021 жылғы наурыз айында толық аяқталу жоспарланған.

Сонымен қатар, Күлтөбе қалашығындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру (реставрация) жұмыстары жүргізілуде (тапсырыс беруші - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі).

  1. Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды қалпына келтіру жұмыстары

Өзбекстан республикасы, Сырдария облысындағы  Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 5 елді мекенді (Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық, Өргебас, Фирдауси) су басты.

Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендері толық су басу аймағында болғандықтан, тұрғындарының келісімі бойынша оларды Мырзакент кентіне көшіру жоспарланып, жаңадан бой көтерген ықшам ауданда  386 тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Оның ішінде,  Үкімет резерві есебінен 196 үй,  қалған 190 тұрғын үйдің құрылысы қайырымдылық және өзге де қорлар арқылы жүргізілді.

Сонымен қатар, Өргебас және Фирдауси елді мекендерінде 504 тұрғын үйдің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория және                   1 полициялық тірек пунктінің құрылыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 дәрігерлік амбулатория мен 1 полициялық тірек пункті, Өргебас ауылында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 1 полициялық тірек пункті құрылыстары жүргізілуде.

Жоғарыда аталған мектеп пен балабақша 2021 жылға өтпелі болса, қалған нысандардың құрылыс жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

 

Дата публикации
18 июня 2021