Түркістан облысы құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту бөлімі (әрі қарай - бөлім) Түркістан облысы құрылыс басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Рсепубликасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының әкімшілік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», (Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, Түркістан облысы құрылыс басқармасы туралы ережені, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымы және штат саны Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.