Хабарландыру

Хабарландыру

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі                  №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің   2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына  сәйкес, 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты, жария талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жеке азаматтардың назарына ұсынады.

Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулер немесе ұсыныстар, 2025 жылғы 17 қыркүйекке дейін басқарманың байланыс телефондары: 8-700-205-90-96, 8-701-409-84-37 және электрондық пошта: zh.opyshev@ontustik.gov.kz  арқылы қабылданатынын хабарлайды.

 

2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы

АҚПАРАТ

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Жоспарланған қаржы көлемі

(мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.       

Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру

 

15530,00

2020 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 қаулысы

Үкіметтік емес ұйымдар, олардың көшбасшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қатысатын белсенді азаматтар.

Азаматтық қоғам институттарының ықпалы күшейеді, қоғамдық белсенділік пен азаматтарға қолдау күшейеді, тұрақты даму үшін әлеуетті кадрлар даярланады.

2.       

Түркістан облысы ҮЕҰ-ның қызметін жүйелендіру    

    

12356, 28

2020 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 қаулысы

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қызметкерлері, мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастықтар

ҮЕҰ әлеуеті артады, тәжірибе алмасады, ортақ ақпараттық алаң құрылады. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесуі жеңілдейді.

3.       

Түркістан облысы ардагерлерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру

 

10245,00

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының  (2021 жылғы 12 қазандағы № 724) «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар-графиктің І бағыты

ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер және жастар мен жергілікті тұрғындар

Ардагерлерге құрмет көрсетіледі, ұрпақтар сабақтастығы артады, патриоттық тәрбие беріледі және қоғамдық бірлік артады.

4.       

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы қызметті ұйымдастыру

 

15200,00

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» №802 Жарлығы, ҚР Үкіметтінің   2021 жылғы 31 мамырдағы №358 Ережесі

Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүнитаным және  адалдық, ашықтық қағидаттары артады, адал бәсекелестік дамиды, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас қалыптасады.

5.       

Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету

 

16053,94

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары, 13-тармақ.

Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтар, әлеуметтік осал топтар, қаржылық сауаттылығы төмен тұрғындар, жастар мен жас отбасылар

Қаржы ұйымдарына қарызы бар адамдар саны азаяды, жеке қаржысын басқаруды үйренеді, қаржылық тәуекелдер азаяды.

6.       

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттар форумы және Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінің  іс-шарасы

 

9894,00

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу туралы»  №1186 қаулысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №06-15/2482 хаты

Жастар, мемлекеттік және әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, жергілікті тұрғындар.

Патриоттық сезім және  мемлекеттік рәміздерге деген құрмет қалыптасады, мемлекеттік рәміздер күнінің маңызы ұғындыралады, ұлттық бірлік нығаяды.

7.       

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін,  сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің  мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын үйрету 

 

6411, 99

Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның 2024 жылғы 22 қаңтардағы хаттамасы (2024 жылғы   30 қаңтардағы №24-32-2.1 тапсырма) және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылғы 6 ақпандағы №04-26/583 хаты

Жастарға, мемлекеттік орган қызметкерлеріне, тұрғындарға.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және дұрыс қолдануды үйренеді. Мемлекеттік рәміздерді тұрмыстық және қоғамдық өмірде заңға сай пайдалану мәдениеті қалыптасады.

8.       

«Ұлттық рух - басты құндылық» азаматтардың  отансүйгіштік  сезімін нығайтуға арналған іс-шаралар

 

7984,00

 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2022 жылғы  20 қазандағы № 22041301582307-1-3 тапсырмасы

Оқушылар мен жастар, жас әскери қызметшілер, әскери-патриоттық клуб мүшелері, аға буын өкілдері, ата-аналар мен отбасылар

Патриоттық тәрбие, ұлттық тарих пен мәдениетті құрметтеу қалыптасады. Елді қорғауға дайындық рухы артады.

9.       

Отбасы істері және гендерлік саясатты жүзеге асыру

 

6058,00

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығы, 10-тармақ

Әйелдер, отбасылар, әлеуметтік осал топтар, мемлекеттік қызметкерлер.

Отбасылық құндылықтар насихатталады, гендерлік теңдікті түсіну деңгейі артады.

10.   

Халықтың саяси мәдениетін көтеруге бағытталған тақырыптық іс-шаралар

 

6778,00

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы

Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер).

Саяси сауаттылық пен саяси процесстерді дұрыс жеткізу мәдениеті қалыптасады

11.   

Халық арасында медиация саласын танымал ету мақсатында «Медиация - татулықтың тірегі» форумы

 

5186,00

2023 жылғы 3 қарашадағы «Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жұмыс тобының» №1 хаттамалық тапсырмасы

 

Жергілікті қауымдастық мүшелері, білім беру ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар

Дау-жанжалдарды шешу мәдениеті қалыптасады, медиация институты насихатталады, еңбек даулары мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу бойынша тәжірибе алмасады.

12.   

Үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып тұрғындарды экологиялық мәдениетке, қоршаған ортаны құрметтеуді насихаттау

 

8002,00

Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2021 жылғы 2 ақпандағы №3 хаттамалық тапсырмасы

 

Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), жергілікті тұрғындар

Табиғатты қорғау құндылықтар, экологиялық сана мен жауапкерішілік артады. Тұрғылықты жердің табиғи ортасын қорғау ісіне белсенді қатысатын адамдар саны көбейеді.

13.   

Түркістан облысы үкіметтік емес ұйымдарының тимбилдингі

 

16902, 00

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығы

Үкіметтік емес ұйымдар, олардың көшбасшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қатысатын белсенді азаматтар.

ҮЕҰ өкілдерінің өзара байланысы күшейеді, тәжірибе алмасады, командалық жұмыс дағдылары дамиды, өңірлік деңгейде серіктестік артады.

14.   

«Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу

 

11036,00

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 маусымдағы  №16-02/04-649//24-01-11.1 п. 2.2 тапсырмасына сәйкес,  Идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асырудың 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспардың 4-тармағы

Жастар, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер мен тәрбиешілер, ата-аналар қауымы, азаматтық қоғам өкілдері, мәдениет, ғылым және өнер  қайраткерлері.

Ұлттық және отбасылық құндылықтар нығаяды, ұлттық және рухани құндылықтар насихатталады.

15.   

«Ұранды ердің ұрпағы қайсар» патриоттық іс-шарасын өткізу

 

7000,00

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 маусымдағы    №16-02/04-649//24-01-11.1 п. 2.2 тапсырмасына сәйкес,  Идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асырудың                               2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарының 35-тармағы.

 

Оқушылар, студенттер, жастар ұйымдарының өкілдері

Елге, жерге деген сүйіспеншілік артады, ұрпақ бойындағы қайсарлық пен отансүйгіштік сезімі дамиды.

16.   

«Қайырымды іс – жан азығы» акциясын өткізу

 

6847, 5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 маусымдағы  №16-02/04-649//24-01-11.1 п. 2.2 тапсырмасына сәйкес, Идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асырудың 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспардың 28-тармағы

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар.

Қайырымдылық, жанашырлық, әлеуметтік қолдау және ізгі істер артады.

17.   

Түркістан облысының аудандары мен қалаларындағы үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету мақсатында азаматтық (ресурстық) орталықтардың (АРО) жұмысын ұйымдастыру және дамыту

 

20688,38

2020 жылғы 27 тамыздағы  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 қаулысы жарияланды.

 

Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері

Азаматтық бастамалар дамиды, ҮЕҰ-ға әдістемелік, құқықтық,ақпараттық қолдау көрсету деңгейі артады, билік пен ҮЕҰ арасындағы диалог күшейеді.

18.   

Жергілікті деңгейде аумақтарды басқаруға азаматтардың қатысу мүмкіндігін, жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру тетіктерін, қағидаттарын түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту

 

12983,00

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы

Жергілікті қоғамдастық мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), мәслихат депутаттары, әкімдік қызметкерлері

Қоғам өміріне белсене және  өз аумағында шешім қабылдау процесіне  қатысатын азаматтар саны артады.

                                                                                                                                 

Дата публикации
03 сентября 2025