Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
АНЫҚТАМА
Түркістан қаласы 29 мамыр 2024 жылы
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының 2023 жылғы 16 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» №29н/қ бұйрығымен құрылған жұмысшы топпен басқармада ішкі талдау жүргізілді. Жұмысшы топтың құрамы: жұмысшы топтың жетекшісі- Е.Күзембаев, жұмысшы топтың мүшелері-басқарма басшысының орынбасары Б.Жанәбіл, Ақпараттық ресурстар және БАҚ бөлімінің басшысы Б.Бейсенова; Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы және этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Т.Оралбеков; Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Н.Мынбаев; Қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің басшысы Н.Жұмашбеков; Мемлекеттік идеология және саяси жұмыс бөлімінің басшысы Ф.Шарипова; Бас маман Н.Тілеуберген
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) Басқарманың тапсырысымен орындалатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.Басқарма қызметіне қатысты нормативтің-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша.
Басқарманың негізгі міндерттері:
1) азаматтық бірегейлік пен Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлт бірлігін, қоғамдық топтастыруды нығайту бөлігінде мемлекеттік ішкі саясатты және Басқарманың құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.
2) этносаралық келісімді, толеранттылықты, диаспоралық саясатты нығайту және отандастармен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) жастардың волонтерлік қызметі мен жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді нығайту жөнінде шаралар қабылдау бөлігінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
4) Түркістан облысының мемлекеттік ақпараттық саясаттын іске асыру.
Сондай-ақ, Басқарма басшысының 2021 жылғы 1 қарашадағы №119 ж/қ бұйрығымен бекітілген бөлімдердің ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтары зерделенді.
Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында талдау объектіснің саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты сыбайлас жерқорлық тәуекелдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болу фактісі анықталған жоқ.
1)Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқармада істер номенклатурасы бекітілген; Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;
2023 жылдың қорытындысы бойынша: негізгі құрам бойынша - 91; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер) - 288; жеке құрам бойынша (келісім-шарт негізінде) – 54 бұйрық қабылданған.
Жұмыс тобымен жоғарыда аталған бұйрықтар ішінара талдау жүргізіліп, нәтижесінде, міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтар бойынша мемлекеттік қызметшілермен таныстырылған.
Бұйрықтар бойынша (жұмысқа қабылдау, тәртіптік жазаларды қолдану, материалдық көмек беру, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау, және т.б.) құқық бұзушылық белгілері анықталмады.
Басқарманың ережесінде және мемлекеттік қызметшілерідің лауазымдық нұсқаулықтарында дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.
Басқарма қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процесстік кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы Заңы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы, Волонтерлік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қоғамдық бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы, Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңы, Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңы, Телерадио хабарларын тарату туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңы.
2)Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарма 5 бөлімнен, 7 бағынысты мекемеден тұрады. Штат саны – 23, нақты саны – 22, бос орын – 1. Штаттан тыс еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 6.
Талдау барысында осы күнге дейін 7 қызметкер жұмыстан босаған (өз еркімен – 1, конкурс бойынша басқа мемлекеттік органға – 6) 7 адам жұмысқа қабылданды.
Сонымен қатар, Басқарма бойынша 2023 жылы 7 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік шара қолданылды.
Басқармада 2021 жылғы істер номенклатурасы бекітілген, бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;
Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексеруді жүргізуге арналған құжаттар мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан уақытылы жіберіліп отырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардың 3 және 11-тармақтарына сәйкес, Басқарма қызметкерлері бекітілген кесте бойынша белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
2023 жылдың қорытындысымен «Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларының жоспар-кестесіне» сәйкес басқарманың 10 мемлекеттік қызметшісі курсты аяқтап шықты (қайта даярлау – 2, біліктілігін артты – 8).
Талданып жатқан кезеңде басқарманың 2 қызметкері тағылымдамадан өткен. Мынбаев Нұрлан Нұрмаханұлы 12-23.02.2024 ж. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім минстрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінде аралығында тағылымдамадан өткен.
Избасканов Сагындык Узакбаевич 22-26.04.2024 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат комитетінде тағылымдамадан өткен.
Штаттан тыс қызметкерлермен еңбек шарттары Еңбек кодексіне сәйкес жасалады және «Электрондық еңбек биржасы» Enbek.kz ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Осы жүйеде басқарманың бос орындары туралы мәліметтер де орналастырылады.
Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, басқарма қызметшілері әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттерін жасамағандықтары анықталды.
2023 жылы басқармада сыбайлас жемқорлық санатына жататын заңбұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.
Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3)Мүдделер қақтығысын реттеу:
Басқарма қызметіне зиян келтіру мүмкін мүдделер қақтығысына байланысты төмендегі мәселелер бойынша заң бұзушылықтар анықталмады:
-Басқармада ерлі-зайыптылау мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары;
-қызметкерлердің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшін тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты;
-Басқармада шешім қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
-егер ҚР-ның заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген фунуцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орндамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау бойынша;
-Басқармадағы мүліктерді пайдалана отырып заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол беретіндей әрекеттер анықталмады.
4)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жоқ.
5)Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқармада рұқсат етуші функциялары жоқ.
6)Бақылау функцияларды жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқармада бақылау функциялары жоқ.
7)Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.
Анықтама үшін: 2022 жылдың қорытындысы бойынша(e-otinish АЖ қоса алғанда) 116 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралса, жоғарғы органдардан келіп түскен хаттар-3678.
8)Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.
Басқармада жасырын көрсетілетін қызметтер анықталмады.
9)Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) Түркістан облысы экономика және жоспарлау басқармасына 2024 жылғы іс-шараларды бекіту барысында «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы 157 ерекшелікпен (Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу) ұсынылып, Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VIIІ шешімімен бекітілген.
Алайда, «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасының қаржысы көп болуына байланысты үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ) тарапынан конкурсқа қатысу үшін үлкен көлемде кепілдемелік қаржы құю қиындық тудыруда.
Жоғарыда айтылғандарды ескере, қаржылық тұрақтылығы жоғары қоғамдық бірлестіктері ғана қатысу мүмкіндігі бар. Ал, жаңадан ашылған немесе қаржылық тұрақтылығы төмен үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысу мүмкіндігін шектейді
Бұл, өз кезегінде сыбайлас тәуекелін тудыруы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
- Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасымен жарияланған «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы конкурсын тоқтатып, Қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік сатып алу порталындағы жылдық жоспарына өзгеріс енгізу.
Яғни, «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасын 157 ерекшеліктен (Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу) 155 ерекшелікке (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу) ауыстыру қажет.
Осыған орай, Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасына конкурс өткізуге сұраныс беру арқылы Басқармамен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңбері аясында жаңа конкурс шығару.
Жұмысшы топтың жетекшісі
Е.Күзембаев
Жұмысшы топтың мүшелері
Б.Жанәбіл
Б.Бейсенова
Н.Жұмашбеков
Т.Оралбеков
Ф.Шарипова
Н.Мынбаев
Н.Тілеуберген