Хабарландыру

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА “ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Сауран ауданының құрылғанына үш жыл және облыстық “Оңтүстік Қазақстан”қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай «Бақытым сенсің, Түркістан!» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасына 50-ден астам үміткер қатысты.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, мүшәйраға мектеп оқушылары да балауса жырларын ұсынды. Негізгі кезеңге 50 ақын қатысып, олардың ішінен 9-ы ақтық кезеңге өткен. Қазылар алқасының шешімімен саурандық шайыр Ердәулет Бұхарбай бас жүлдеге ие болды. Оған 500 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды. Ал І орынды түркістандық Дәурен Тілеухан иеленсе, ІІ орын Нұрғиса Төремұратқа бұйырды. Ал қос ІІІ орынды Роза Сұлтанәлиева мен Арқалық Әмалият иемденді.
Сонымен қатар өзге де қатысушылар арнайы номинацияларға ие болды. Атап айтқанда, Сауран ауданы әкімінің арнайы жүлдесін - Жанәділ Сейданов, жазушы, журналист Нұрмахан Оразбеков атындағы номинацияны - Азамат Әлібек иеленді. Ал ақын Өмірбай Сәуірбаев атындағы номинация - Лаура Тастанбекке бұйырса, қара өлеңнің қабыланы Қаныбек Сарыбаев атындағы номинацияға - Дәурен Айманбет лайық деп танылды. Барша қатысушыларға қаржылай сыйақы табыс етілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__
ТУРКЕСТАН: В САУРАНЕ ПРОШЕЛ КОНКУРС ПОЭТОВ, ПОСВЯЩЕННЫЙ 100-ЛЕТИЮ ГАЗЕТЫ “ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН"
В честь трех лет со дня образования Сауранского района и 100-летия областной общественно-политической газеты “Оңтүстік Қазақстан” был проведен конкурс «Бақытым сенсің, Түркістан!" среди поэтов. В соревнованиях приняли участие более 50 претендентов.
К поэтическому конкурсу также были допущены ученики школ. В отборочном этапе приняли участие 50 поэтов, из них 9 перешли в финальный этап. По решению жюри главный приз завоевал сауранский поэт Ердаулет Бухарбай. Ему было вручено денежное вознаграждение в размере 500 тысяч тенге. І место занял туркестанец Даурен Тлеухан, а ІІ место досталось Нургисе Торемурату. ІІІ место заняли Роза Султаналиева и Аркалык Амалият.
Также другие участники получили специальные номинации. В частности, специальный приз акима Сауранского района - Жанадил Сейданов, в номинации имени писателя, журналиста Нурмахана Оразбекова - Азамат Алибек. А в номинации имени акына Умирбая Саурбаева - Лаура Тастанбек, в номинации имени Каныбека Сарыбаева - Даурен Айманбет. Всем участникам были вручены денежные вознаграждения.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Дата публикации
12 февраля 2024