Хабарландыру

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі                  №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің   2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 407 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына  сәйкес, 2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты, жария талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жеке азаматтардың назарына ұсынады.

Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулер немесе ұсыныстар,          2023 жылғы 22 шілдеге дейін басқарманың байланыс телефондары: 8-700-205-90-96, 8-701-409-84-37 және электрондық пошта: npo_bolim@mail.ru арқылы қабылданатынын хабарлайды.

  2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың  тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Жергілікті өзін-өзі басқаруды ауылдық жерде дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) рөлі

24030,0

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202 жылғы 29 желтоқсандағы №917 «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең: 2020-2025жылдар)» қаулысы.

 

Ауылдық жерлердегі ҮЕҰ өкілдері, елдімекен тұрғындары

 

Ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың белсенділігі мен біліктілігін арттыру.

2

Облыстың аудан, қалаларындағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ұйымдық даму деңгейін көтеру

 

26785,0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы №390 «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығы

 

Облыста тіркелген ҮЕҰ төрағалары мен мүшелері, белсенді азаматтар

 

Үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтардың біліктілігін арттыру.

3

Түркістан облысы ардагерлерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру

 

10245,0

 

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының (2021 жылғы 12 қазандағы №724) «Ұлттық рухани жаңғыру»ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар-графиктің І бағыты 6 іс-шара.

 

Зейнеткерлер, жастар

 

Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету.

 

4

«Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы Мұраты» идеялар байқауы

5565,0

2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала және 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» мақала

Зиялы қауым өкілдері, жастар

Ұлттық идеологияны қалыптастыру, жастардың бойында туған жер мен туған халқына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

5

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған, ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі  іс-шаралар Жоспарындағы қызметті ұйымдастыру

33370,0

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарыс саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығы

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы  мәдениетті нығайту.

 

Дата публикации
11 июля 2023