Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың анықтамасы және іс-шаралар жоспары

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі

АНЫҚТАМА

Түркістан қаласы                                                                  3 мамыр 2023 жылы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының 2023 жылғы 16 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу»  №20н/қ бұйрығымен құрылған жұмысшы топпен басқармада ішкі талдау жүргізілді. Жұмысшы топтың құрамы: жұмысшы топтың жетекшісі-                                 А. Өсербаев, жұмысшы топтың мүшелері-басқарма басшысының орынбасары Б.Ахымбетов, Ақпараттық ресурстар және БАҚ бөлімінің басшысы Б.Бейсенова; Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы және этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Т. Оралбеков; Отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Н. Мынбаев; Қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің басшысы Н. Жұмашбеков; Мемлекеттік идеология және «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Ф. Шарипова; Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Қ. Бекмұрат.

 

1.Басқарма қызметіне қатысты нормативтің-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша.

Басқарманың негізгі міндерттері:

1) азаматтық бірегейлік пен Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлт бірлігін, қоғамдық топтастыруды нығайту бөлігінде мемлекеттік ішкі саясатты және Басқарманың құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

2) этносаралық келісімді, толеранттылықты, диаспоралық саясатты нығайту және отандастармен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) жастардың волонтерлік қызметі мен жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді нығайту жөнінде шаралар қабылдау бөлігінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

4) Түркістан облысының мемлекеттік ақпараттық саясаттын іске асыру.

Сондай-ақ, Басқарма басшысының 2021 жылғы 1 қарашадағы №118ж/қ бұйрығымен бекітілген бөлімдердің ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтары зерделенді.

Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында талдау объектіснің саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты сыбайлас жерқорлық тәуекелдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болу фактісі анықталған жоқ.

 

 

1.Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада істер номенклатурасы бекітілген; Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;

2022 жылдың қорытындысы бойынша: негізгі құрам бойынша - 91; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер) - 229; жеке құрам бойынша (келісім-шарт негізінде) – 39 бұйрық қабылданған.

Жұмыс тобымен жоғарыда аталған бұйрықтар ішінара талдау жүргізіліп, нәтижесінде, міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтар бойынша мемлекеттік қызметшілермен таныстырылған.

Бұйрықтар бойынша (жұмысқа қабылдау, тәртіптік жазаларды қолдану, материалдық көмек беру, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау,  және т.б.) құқық бұзушылық белгілері анықталмады.

Басқарманың ережесінде және мемлекеттік қызметшілерідің лауазымдық нұсқаулықтарында дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

 

2.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма 6 бөлімнен, 7 бағынысты мекемеден тұрады. Штат                           саны – 24, нақты саны – 21, бос орын – 3. Штаттан тыс еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 6.

Талдау барысында осы күнге дейін 8 қызметкер жұмыстан босаған                    (өз еркімен – 3, конкурс бойынша басқа мемлекеттік органға – 4, квазимемлекеттік мекемеге – 1) 8 адам жұмысқа қабылданды, сондай-ақ меритократия 2 адам бас маман лауазымынан бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.

Басқармада 2021 жылғы істер номенклатурасы бекітілген, бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;

Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

«Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексеруді жүргізуге арналған құжаттар мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан уақытылы жіберіліп отырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардың 3 және 11-тармақтарына сәйкес, Басқарма қызметкерлері бекітілген кесте бойынша белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларының жоспар-кестесіне» сәйкес басқарманың 11 мемлекеттік қызметшісі курсты аяқтап шықты (қайта даярлау – 4, біліктілігін артты – 7).

Талданып жатқан кезеңде басқарманың 1 қызметкері (Мынбаев Нұрлан Нұрмаханұлы) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінде 28.11.2022-09.12.2022 жж. аралығында тағылымдамадан өткен.

Штаттан тыс қызметкерлермен еңбек шарттары Еңбек кодексіне сәйкес жасалады және «Электрондық еңбек биржасы» Enbek.kz ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Осы жүйеде басқарманың бос орындары туралы мәліметтер де орналастырылады.

Мемлекеттік қызметшілердің кадрлық іс-қағаздарын жүргізу мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жасалады.

Талдау барысында, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің                            «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіндегі іс-құжаттары және келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке іс құжаттары ішінара қаралып, Нәтижесінде:

  • кейбір мемлекеттік қызметшілердің жеке іс құжаттары толық емес (еңбек шарты, ант мәтіні, ант хаттамасы,шектеулермен танысу парағы, декларация көшірмелері, диплом көшірмелері(расталған) болмауы т.б.) екендігі анықталды;
  • кейбір келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке іс құжаттары толық емес (сотталығы жөнінде анықтама, диплом көшірмелері(расталған) және т.б.) екендігі анықталды.

           Талданып отырған кезеңде бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері, теріс себептер бойынша жұмыстан шығару фактілері анықталмаған

Ұсыным: барлық қызметшілердің жеке іс құжаттары және «Е-қызмет» ақпараттық желісіндегі жеке іс құжаттары тексереліп, ретке келтірілсін.

 

3.Мүдделер қақтығысын реттеу:

Басқарма қызметіне зиян келтіру мүмкін мүдделер қақтығысына байланысты төмендегі мәселелер бойынша заң бұзушылықтар анықталмады:

-Басқармада ерлі-зайыптылау мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары;

-қызметкерлердің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшін тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты;

-Басқармада шешім қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

-егер ҚР-ның заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген фунуцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орндамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау бойынша;

-Басқармадағы мүліктерді пайдалана отырып заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық  тәуекеліне жол беретіндей әрекеттер анықталмады.

 

4.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жоқ.

 

5.Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада рұқсат етуші функциялары жоқ.

 

6.Бақылау функцияларды жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада бақылау функциялары жоқ.

 

7.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.

Анықтама үшін: 2022 жылдың қорытындысы бойынша(e-otinish АЖ қоса алғанда) 116 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралса, жоғарғы органдардан келіп түскен хаттар-3678.

Ұсыным:

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын қатаң сақтап, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейтуді ұсынамыз.

 

9.Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.

Басқармада жасырын көрсетілетін қызметтер анықталмады.

 

10.Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14886 болып тіркелді) келесі тармақтарында:

44) Өңірлік деңгейде ұйымдастырушы оның өткізілетін күніне дейін кемінде он екі жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын және көлемдерін қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарды өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

45) Өңірлік тапсырысқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабар орналастырылғаннан кейін келесі күннен бастап он бір жұмыс күні ішінде өтінімді, сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады – делінген.

Ішкі талдау нәтиижелері Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын және көлемдерін қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарды өзінің интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu?lang=ru)  орналастырғанын көрсетті. Дегенмен, аталмыш ақпараттық хабарлар «Жаңалықтар» рубрикасында жарияланған. «Жаңалықтар» рубрикасында күніне 5-10 жаңалықтар орналастырылады, бұл өз кезегінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа қатысушылардың ақпараттық хабарды аптасына 50-100 жаңалықтардың ішінен тауып алуға қиындықтар туғызуы мүмкін. Қағидада интернет-ресурстың қай рубрикасында орналастыру туралы нақты көрсетілмеген, бұдан, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Ұсыныс:

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын және көлемдерін қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарды өзінің интернет-ресурсында, оның ішінде арнайы «өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру» рубрикасын ашып, осы рубрикаға ақпараттық хабарды орналастыру ұсынылады.

 

  1. Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 7 ақпандағы № 20 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 ақпанда № 26749 болып тiркелдi) бекітілген. Аталмыш әдістемеге ішкі талдау жүргізілді.

Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалардың 5 және 6 тармақтарында келесідей көрсетілген:

 

 

 

 

 

 

 

 

№

 

Қызметтің атауы

 

Өлшем бірлігі

 

2022 жылға базалық баға (теңге)

 

2023 жылға базалық баға (теңге)

 

2024 және алдағы жылдарға базалық баға (теңге)

 

5

Республикалық маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi)

 

таңба

 

195

 

203

 

211

 

6

Өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi)

 

таңба

 

6

 

6,2

 

6,5

 

 

Ішкі талдау нәтижелері «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңының  1 бабы,  4) тармақшасына сәйкес – «бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны» және 8-1) тармақшасына сәйкес, «желілік басылым – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс» болып табылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңда интернет-ресурстар республикалық маңызы бар мәселелерді қамтитын немесе өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын болып бөлінбеген. Яғни, Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалардың 5 және 6 тармақтарында көрсетілген бағалар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауына себепкер болуы мүмкін.

Ұсыныс: Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесінің Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалардың 5 және 6 тармақтарын біріктіріп, «Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 маусымда № 23084 болып тіркелді) бұйрығының «Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасының» 3 тармақшасына сәйкестендіру ұсынылады.

 

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңының 4 бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

         2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

         3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

         4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы;

         5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

         6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;

7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

         8)инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

         9) сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді.

         Осы заңның 13 бабына сәйкес мемлекеттік сатып алулар төмендегі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

         1) конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс);

      2) аукциондарда;

      3) баға ұсыныстарын сұрату;

      4) бір көзден алу;

      5) тауар биржалары;

      6) электрондық дүкен арқылы жүзеге асырылады.

         Заңның 8 бабына байланысты орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды біріңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады.

         Мемлекеттік сатып алуды біріңғай ұйымдастырушы жоғарыда аталған қағидалары басшылыққа алып орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган айқындайтын тізбесі бойынша;

2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің уәкілетті орган айқындайтын тізбесі бойынша, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, оларды бір лотқа біріктіру арқылы жүзеге асырады.

  1. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам не оның орынбасары конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып анықталады.
  2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының 109 тармағына сәйкес басқарма мемлекеттік сатып алуды келесі кезеңдердің ретін сақтай отырып, өткізеді:

1) тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге осы Қағидалардың 115-тармағында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманы ұсынуы;

2) тапсырыс беруші ұсынған осы Қағидалардың 115-тармағында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманың негізінде бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлеуі және бекітуі;

3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын анықтауы және бекітуі.

         Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы анықтайтын және бекітетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де енеді;

4) қажет болған жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі;

5) бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды веб-порталға орналастыруы;

6) осы Қағидалардың 34-тармағының 1)тармақшасында көзделген жағдайда біріңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге конкурстық құжаттың техникалық ерекшелігіне және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттама алған, веб-порталда автоматты түрде тіркелген тұлғалардың тарапына сұрай салулар мен ескертулер жіберуі;

         7)конкурс жеңімпазын айқындау:

         8) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен осы Қағидаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.

         Сонымен қатар, Заңның 27 бабы 1 тармағына байланысты, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында жүзеге асырады.

         Заңның 28 бабы 1 тармағына сәйкес, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мемлекеттік сатып алу                                     веб-порталында автоматты түрде автоматты түрде қалыптастырылады және конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен конкурсқа қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілер электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар етіле отырып, онда орналастырылады.

         Қағиданың 22 параграфқа байланысты веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады және неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды.

         Осыған байланысты, конкурстық комиссия өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ғана қарайды,  ал веб-портал автоматты режимде бағаларды салыстырады және конкурстық комиссия мүшелерін хабардар ете отырып ғана қорытынды хаттамасын қалыптастырады.

         Басқармада жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде төмендегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

         Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне өтінімдерін қарау кезінде конкурстық комиссияның мүшелері:

         -Әлеуеттік өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соғатын шешім қабылдау;

         -Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

  • барлық қызметшілердің жеке іс құжаттары және «Е-қызмет» ақпараттық желісіндегі жеке іс құжаттары тексереліп, ретке келтірілсін;
  • Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын және көлемдерін қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарды өзінің интернет-ресурсында, оның ішінде арнайы «өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру» рубрикасын ашып, осы рубрикаға ақпараттық хабарды орналастыру;
  • Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесінің Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалардың 5 және 6 тармақтарын біріктіріп, «Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 маусымда № 23084 болып тіркелді) бұйрығының «Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасының» 3 тармақшасына сәйкестендіру.
  • конкурстық комиссия мүшелеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында семинар сабақтар және заң алдында жауапкершілігін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша ішкі аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

 

Жұмысшы топтың жетекшісі

 

А.Өсербаев

 

Жұмысшы топтың мүшесі

 

Жұмысшы топтың мүшесі

 

Б.Ахымбетов

 

Б.Бейсенова

 

Жұмысшы топтың мүшесі

 

Н.Жұмашбеков

 

Жұмысшы топтың мүшесі

 

Т.Оралбеков

 

Жұмысшы топтың мүшесі

 

Н.Мынбаев

 

Жұмысшы топтың мүшесі

 

Ф.Шарипова

 

Жұмысшы топтың мүшесі

 

Қ.Бекмұрат

 

Дата публикации
15 июня 2023