Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде қалыптастырылған анықтамаға талдау
ХАТТАМАСЫ
№1
|
Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Басқармалар үйі» ғимараты |
|
Өтетін уақыты: 2023 жылғы 5 мамыр |
Төрағалық етуші: Басқарма басшысы – А.Өсербаев.
Қатысқандар: Басқарма қызметкерлері, «Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Бейсенбаев Бақытжан Жармаханұлы
Жиналыс хатшысы: Ақпараттық ресурстар және БАҚ бөлімінің бас маманы-Қ. Бекмұрат
Күн тәртібінде:
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтаманы талдау.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысы А.Өсербаев өз сөзінде 2023 жылғы 13 наурызда Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.А.Әлімқұловпен бекітілген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысының басқармаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында (әрі қарай - Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша 2023 жылғы 1 наурызда №17н/қ бұйрығымен жұмысшы топ құрылғанын атап өтті.
Өз баяндамасында жұмыс топтың мүшесі-басқарма басшысы Б. Ахымбетов ішкі талдау нәтижесінде анықталған тәуекелдерге тоқталып кетті.
Ішкі талдау нәтиижелері Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын және көлемдерін қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарды өзінің интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu?lang=ru) орналастырғанын көрсетті. Дегенмен, аталмыш ақпараттық хабарлар «Жаңалықтар» рубрикасында жарияланған. «Жаңалықтар» рубрикасында күніне 5-10 жаңалықтар орналастырылады, бұл өз кезегінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа қатысушылардың ақпараттық хабарды аптасына 50-100 жаңалықтардың ішінен тауып алуға қиындықтар туғызуы мүмкін. Қағидада интернет-ресурстың қай рубрикасында орналастыру туралы нақты көрсетілмеген, бұдан, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалардың 5 және 6 тармақтарында көрсетілген Ішкі талдау нәтижелері «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңының 1 бабы, 4) тармақшасына сәйкес – «бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны» және 8-1) тармақшасына сәйкес, «желілік басылым – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс» болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңда интернет-ресурстар республикалық маңызы бар мәселелерді қамтитын немесе өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын болып бөлінбеген. Яғни, Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалардың 5 және 6 тармақтарында көрсетілген бағалар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауына себепкер болуы мүмкін.
Жиналыстың қорытындысы
1.Жұмысшы топтың мүшесі – басқарма басшысы Б. Ахыметовтың баяндамасы назарға алынсын;
Төраға А. Өсербаев
Хатшы Қ. Бекмұрат