«Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар), теле -, радиоарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 17 ғимарат мекенжайы бойынша «Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына» ММ кеңсесі 2022 жылғы 10 наурыз күні сағат 19:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 17 ғимарат мекенжайы бойынша 2022 жылғы 14 наурыз күні, сағат 10:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағиданың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағиданы 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағиданың 5-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.